Әлеуетті өнім берушілерден мультимедиялық жобаларға шығармашылық өтінімдерді қабылдау

«Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамы 2022 жылы   интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты  жүргізу бойынша  мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден  мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

 

Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмешіт к-сі, 3. «Park Line» бизнес орталығы, «Қазақпарат» ХАА» АҚ кеңсесіТелефон: +7 (7172) 95-40-50  E-mail: info@inform.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 16 наурызға  дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

  • құқықтық қабілеттілігінің болуы;
  • республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
  • банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
  • жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
  • ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
  • міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
  • қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
  • кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы;
  • барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.

 

Жанр Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы Тілі Негізгі талаптар Хронометраж (кемінде _мин) Жалпы шығарылым саны
 Youtube-к  бағдарлам жасау және ілгерлету елімізде болып жатқан басты уақиғаларды, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметін түсіндіру;

-түрлі проблемалық мәселелер мен қоғамдағы жағдай талқыланатын алаң;

 

Қаз\орысша – бағдарламаның әр шығарылымы қоғамдық мүддені білдіретін, өмірдегі жағдайды көрсететін өзекті мәселелерге арналуға тиіс;

Орналастыруға қойылатын талаптар – бағдарламаны Youtube  бейнехостингінде орналастыру.

Арнаға қойылатын талап – кемінде 5000 жазылушы.

Арнаға орналастырылған бағдарлама қойылатын талап – әрбір бағдрлама есепті кезең қорытындысы бойынша кемінде 10 000 қаралым жинауға тиіс.

Ілгерілетуге қойылатын талаптар:

-бір бағдарламаны кемінде 2 әртүрлі әлеуметтік желі не мессенджерде (Facebook, Instagram, Telegram)  орналастыру;

-бағдарламаны жазылушылар саны мынадан кем емес топтарда/пабликтерде, аккаунтарда орналастыру:

– Instagram –  кемінде 100 000 жазылушы;

– Facebook – кемінде 20 000 жазылушы;

– Telegram – кемінде 6 000 жазылушы.

– әрбір бағдарлама  әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалпы алғанда кемінде 180 000 рет қаралым жинауға тиіс.

 

10 16