Бос жұмыс орындары
Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
+7 (7172) 64-95-53, info@qcontent.kz
Требования: «Baq.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі | Обязанности: «Baq.kz» ақпарат агенттігінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеугее қатысу, жекелеген тақырыптарды жариялау бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа тақырыптарды іздестіру; «Baq.kz» ақпарат агенттігінің контентін толықтыру бойынша медиа-жоспарлар құрастыру; ақпараттық алаңды, бәсекелес ақпарат агенттіктері мен басқа да БАҚ-ты күнделікті мониторингтен өткізу; «Baq.kz» ақпарат агенттігін жедел ақпаратпен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету, авторлық жарияланымдарды дайындау. Жаңалықтарды жариялау үшін оқиға орындарына бару, белгіленген жағдайларда аккредитация алу, оқиға орнында жедел ақпарат жинау, жоспарланған сұхбаттар үшін сұрақтар дайындау, сұхбат алушылармен кездесіп, сұхбат алу; жиналған ақпаратты зерттеу, материалдарды өңдеу, оларды белгілі бір тақырып бойынша сұхбат, жарияланым, пікір ретінде ұсыну, очерктер мен мақалалар дайындау; «Baq.kz» ақпарат агенттігінің мәтіндерін (пресс-релиздер, авторлық мақалалар) редакциялау жұмыстарын жүзеге асыру. «Baq.kz» ақпарат агенттігінде жарияланатын ақпарат мәтінін тиісті түрде рәсімдеу, грамматикалық және тыныс белгілеріне қатысты қателіктерге жол бермеу, авторлық материалдарда бірегейліктің болуын қамтамасыз ету; алғашқы дереккөздерді және алынған ақпараттың шынайылығын тексеру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнама талаптарын орындау; «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау; Интернет желісінде жарияланатын материалдарды ілгерілету жұмыстарын жүргізу (тег қою, гиперсілтемелер енгізу, тарату, сюжеттер мен мультимедиа таңдау). Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: «Еl.kz» ақпарат агенттігі Тілші | Обязанности: «Еl.kz» АА контентін толтыру үшін медиа-жоспарлар дайындау; ақпарат алаңының, бәсекелес ақпарат агенттіктердің және басқа да БАҚ-тың күнделікті мониторингін жүргізу; ақпарат агенттікті жедел ақпаратпен және басқа материалдармен қамтамасыз ету, өзінің жарияланымдарын дайындау; оқиғаларды жариялау үшін оқиға орындарына бару, белгіленген жағдайларда аккредитация алу, оқиғалар болған жерлерде жедел ақпарат жинау, жоспарланған сұхбаттарға сұрақтар дайындау, сұхбаттасушылармен кездесіп, сұхбат алу; Жиналған ақпаратты зерттеу, материалдарды өңдеу, оларды сұхбат, жарияланым, белгілі бір тақырып бойынша түсініктемелер түрінде ұсыну, очерктер, мақалалар дайындау; мәтіндерді (пресс-релиздер, авторлық мақалалар) редакциялау; жарияланатын материалдарды интернетте ілгерілету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру (тегтеу, гиперсілтемелер, тарату, сюжеттерді таңдау, мультимедиа). Алынған ақпараттың бастапқы дереккөзі мен дұрыстығын тексеру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың өзге де талаптарын орындау. Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. Бос жұмыс орны уақытша, негізгі қызметкер жұмыста болмаған кезеңде қабылданады. |
Требования: Мобилограф лауазымына жұмыс өтіліне талап қойылмай, жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және /немесе техникалық, кәсіптік, орта білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) бар, сонымен қатар БАҚ саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. Аталған лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі, іскерлігі мен дағдылары болуы керек | Обязанности: Қоғам үшін көрнекі контентті (фото, видео) әзірлеу және құру; фотосуреттер мен бейнелерді өңдеу және редакциялау; бейне жасау және контент жоспарын әзірлеу; трендтер бойынша уақтылы жұмыс істеу және өз идеяларын ұсыну; Аудиторияны ұлғайту. Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Сценарист-редактор лауазымына: журналистика, филология, режиссура немесе ұқсас салалар бойынша жоғары білім бар және журналистика, БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болатын тұлға тағайындалады. | Обязанности: Сценарийлер әзірлеу және жазу; Қолданыстағы сценарийлерді, мәтіндерді, материалдарды редакциялау және жақсарту; Сценарийлер мен мәтіндердің талаптарға, стильге, нысаналы аудиторияға сәйкестігіне талдау жүргізу; Сценарийлерді, мәтіндерді, материалдарды бекіту процесіне қатысу; Өндірістің барлық кезеңдерінде сценарийлердің, мәтіндердің, материалдардың сапасын бақылау. Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Тілші лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, менеджмент және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын тұлға тағайындалады. | Обязанности: Бас редактор бекіткен әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс істеу; оқушылар, студенттер үшін және жалпы қоғам үшін әдебиет бойынша пайдалы ақпарат жариялауды жүзеге асыру; Әдебиет әлеміндегі жаңалықтарды, ақын-жазушылардың сұхбаттарын, олардың шығармаларын жариялау; Қазақ әдебиетін насихаттау, ақын-жазушылардың қоғамдағы рөлін арттыру, жастардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, шетелдік ақын-жазушылармен байланыс орнатып нығайту; Мәтіннің әртүрлі элементтерінің графикалық және лексикалық біркелкілігін қамтамасыз ету үшін өңделген қолжазбаларды және корректура баспа-таңбасын оқу; Орфографиялық және пунктуациялық қателерді жою және терудің техникалық ережелерін сақтау, сондай-ақ мағыналық және стилистикалық сипаттағы кемшіліктерді түзету; Мазмұндағы бөлімдердің реттік нөмірленуін тексеру, олардың атауларын мәтіндегі тақырыптармен салыстыру, терминдердің, символдардың, өлшем бірліктерінің, шартты қысқартулардың дұрыс жазылуын және біріздендірілуін, иллюстрациялар мен мәтіндегі белгілердің біркелкілігін қамтамасыз ету; Қысқартылған сөздер мен белгілерді жазу барысында түсініксіздікті, мәтіннің абзацтарға дұрыс бөлінбеуін жою; Жарияланатын ақпараттың мәтінін тиісінше ресімдеу, сондай-ақ грамматикалық және пунктуациялық қателіктерге жол бермеу, авторлық материалдар бірегейлігінің болмауы; терілген мәтіннің түпнұсқаға сәйкестігін тексеру; Алынған ақпараттың бастапқы дереккөзі мен дұрыстығын тексеру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың өзге де талаптарын орындау; Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа табынуды және порнографияны насихаттап, үгіттеуді қамтитын хабарламалар мен материалдардың таралуына жол бермеу; Жарияланатын ақпараттың дерек көзін және дұрыстығын тексеру бойынша бақылау жүргізу; Азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуға жол бермеу; «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау. Үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын (мүліктік және мүліктік емес) бұзатын материалдар мен туындылардың таралуына жол бермеу; ақпаратты жариялау кезінде жариялау кезінде автордың және алып пайдаланылған дерек көзін (фото, видео материалдармен, инфографикамен шектелмей). Ақпаратты жарияламас бұрын (фото, видео материалдар, инфографикамен шектелмей) автордың және алып пайдаланылған дерек көзінің жазбаша келісімі бар екеніне көз жеткізу. Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |