- ақпараттық порталдар мен цифрлық медиаплатформаларды дамыту;
- жаңалық, сараптамалық, мәдени және танымдық контент әзірлеу;
- сұхбаттар, мақалалар, репортаждар, бейнематериалдар және арнайы жобалар дайындау;
- мультимедиалық журналистика мен конвергентті форматтарды дамыту;
- әлеуметтік желілерде контентті ілгерілету;
- қоғамдық маңызы бар тақырыптарды ақпараттық сүйемелдеу;
- креативті медиажобаларды әзірлеу;
- компанияның цифрлық платформаларында жарнама орналастыру және серіктестік жобаларды іске асыру.
QAZCONTENT мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қатыса отырып, азаматтарға заманауи, сапалы әрі қолжетімді контент ұсынады.
Компания тек ақпарат жариялаумен шектелмейді. Біз цифрлық медиаплатформаларды дамытып, жаңа медиаформаттарды қалыптастырамыз, интернет пен әлеуметтік желілердегі аудиториямен жұмыс істейміз, мультимедиалық өнімдер жасап, медиа саласына арналған креативті шешімдер ұсынамыз.
Біздің басты мақсатымыз – қоғамдық маңызы бар ақпаратты аудитория үшін түсінікті, өзекті және пайдалы ету.
QAZCONTENT жұмысының негізінде сенімділік, кәсіби редакциялық жұмыс, технологиялық даму және аудиторияға деген құрмет қағидаттары жатыр.
Талапқа сай контент әзірлейміз:
- жедел ақпарат беру;
- маңызды оқиғалар мен үдерістерді түсіндіру;
- тарихи және мәдени мұраны сақтауға ықпал ету;
- Қазақстанның цифрлық ақпараттық кеңістігін дамыту;
- ақпаратты ұсынудың заманауи тәсілдерін қолдану;
- әртүрлі аудиторияның сұранысына жауап беру.
Компанияның қысқаша тарихы
QAZCONTENT – қазақстандық интернет-журналистиканы дамыту және қоғамдық маңызы бар ақпараттық жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған медиакомпания.
Бүгінде QAZCONTENT редакциялық, мультимедиалық, цифрлық және жобалық тәжірибені біріктіретін заманауи медиакомпанияға айналды.
Компания қызметі барысында BAQ.KZ, EL.KZ, E-history.kz, Adebiportal.kz және Primeminister.kz сияқты маңызды интернет-жобаларды іске қосып, дамытты. Бұл ресурстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істеп, қоғамдық маңызы бар түрлі бағыттағы контентті ұсынады.



