«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2022 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды
Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі
Телефон: +7 7172 95-40-50
E-mail: info@qcontent.kz
Өтінім қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 7 желтоқсанға дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– құқықтық қабілеттілігінің болуы;
– республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
– банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
– міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.
Жоба
Жанр |
Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы | Тілі | Негізгі талаптар | Хроно (кемінде мин) | Жалпы шығарылым саны |
Деректі фильм өндірісі | «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»
Жаңа Қазақстанды құру идеясы туралы фильм. Оқиға желісі ортақ мүдделері бар бірнеше кейіпкерлердің айналасында құрылуы керек. Жаңа Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі, ол қалай болу керек деген сұрақтарға жауап береді.
|
Қаз\орыс | Жалпы талаптар:
Фильмнің уақыты: кем дегенде 20 минут; Жанр: деректі; Бейне ажыратымдылығы: Full HD.
Фильмді шығарудың техникалық сипаттамалары: Өнім беруші фильмдерді Интернет желісіндегі бейне порталдарда қолданылатын форматқа бейімдеуі керек. Компьютерлік графика және анимация элементтері бар тақырыптар бойынша арнайы эффектілерді, архивті материалдарды пайдалана отырып түсіру, монтаждау.
Орналастыруға қойылатын талаптар: – әр фильмді кем дегенде 20 000 қолданушы жазылушысы бар YouTube каналында орналастыру; – есепті кезеңнің қорытындысы бойынша YouTube-тегі әрбір фильмнің қамтылуы кемінде 30 000 қаралым болуы керек.
Ілгерілетуге қойылатын талаптар: – әлеуметтік желілерде және Telegram мессенджерінде жазылушылар саны кемінде 3 түрлі платформада анонстың орналастырылу: – Instagram үшін 100 000 қолданушы; – Facebook үшін 30 000 қолданушы; – Telegram үшін 30 000 қолданушы.
Бұл ретте ілгерілетудің барлық платформаларының жиынтық қамтылуы кемінде 150 000 қолданушыны құрайды.
Тұтынушымен контент мазмұнын жылжыту үшін әлеуметтік медиа топтарының/аккаунттарының тізімін келісу керек.
|
20 | 1 |
Деректі фильмдер сериясын шығару | ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ЖАҢА ОБЛЫСТАР. ЖЕТІСУ. АБАЙ. ҰЛЫТАУ.
Президент Қ.К. Тоқаевтың қоғам қолдауына себеп болған үздік бастамаларының бірі – Қазақстанның жаңа облыстары – Жетісу, Абай, Ұлытау туралы деректі фильмдер топтамасы. |
Қаз\орыс | Жалпы талаптар:
Әр фильмнің уақыты: кем дегенде 20 минут; Жанр: деректі; Бейне ажыратымдылығы: Full HD.
Фильмді шығарудың техникалық сипаттамалары: Өнім беруші фильмдерді Интернет желісіндегі бейне порталдарда қолданылатын форматқа бейімдеуі керек. Компьютерлік графика және анимация элементтері бар тақырыптар бойынша арнайы эффектілерді, архивті материалдарды пайдалана отырып түсіру, монтаждау.
Орналастыруға қойылатын талаптар: – әр фильмді кем дегенде 20 000 қолданушы жазылушысы бар YouTube каналында орналастыру; – есепті кезеңнің қорытындысы бойынша YouTube-тегі әрбір фильмнің қамтылуы кемінде 30 000 қаралым болуы керек.
Ілгерілетуге қойылатын талаптар: – әлеуметтік желілерде және Telegram мессенджерінде жазылушылар саны кемінде 3 түрлі платформада анонстың орналастырылу: – Instagram үшін 100 000 қолданушы; – Facebook үшін 30 000 қолданушы; – Telegram үшін 30 000 қолданушы.
Бұл ретте ілгерілетудің барлық платформаларының жиынтық қамтылуы кемінде 150 000 қолданушыны құрайды.
Тұтынушымен контент мазмұнын жылжыту үшін әлеуметтік медиа топтарының/аккаунттарының тізімін келісу керек. |
20 | 3 |