«Қазақпарат» АҚ әлеуетті өнім берушілерден мультимедиялық жобаларға шығармашылық өтінімдерді қабылдайды.

«Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамы 2022 жылы   интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты  жүргізу бойынша  мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден  мультимедиалық контентке шығармашылық өтінімдерді қабылдайды.

 

Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы,Қабанбай батыр 17. «Сapital City» бизнес орталығы, «Қазақпарат»» АҚ кеңсесіТелефон: +7 (7172) 95-40-50  E-mail: info@inform.kzinfo@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі2022 жылғы 6 маусымға дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

  • құқықтық қабілеттілігінің болуы;
  • республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
  • банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
  • жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
  • ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
  • міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
  • қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
  • кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы;
  • барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.

 

 

 

 

 

Қызмет атауы Тілі Негізгі талаптар Хронометраж (кемінде _мин) Жалпы шығарылым саны
«Ұлттық жобалар реформаларды жүзеге асыру тетігі ретінде» жобасы Қаз\орыс Бейнебағдарлама жасау.

Талаптар:

формат: өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тақырыптарды реформаларды жүзеге асыру контекстінде талдауға арналған бейнебағдарлама.

– әрбір бейнебағдарламада ұлттық жобалар тақырыбын көрсету;

– бір бейнебағдарламада кемінде 2 сарапшының пікірі болуға тиіс;

-әрбір  бейнебағдарламада инфографика және талдамалы құрамы болуға тиіс;

– сапалы дыбыс;

-субтитрлардың болуы (қазақ не орыс тіліне аудармасы);

– хронометраж – кемінде 20 минут;

 тілі: қазақша не орысша;

Бейнебағдарламаны Youtube бейнехостингінде орналастыру:

Youtube бейнехостингінде бейнебағдарламаны орналастыру:

Талаптар:

– Youtube бейнехостингінің мамандандырылған аккаунтына орналастыру;

– кемінде 5 000 жазылушы;

– есепті кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір бейнебағдарламаны кемінде 10 000 рет қаралым жинауға тиіс;

Ілгерілетуге қойылатын талаптар:

– кемінде екі түрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір бағдарламаны орналастыру (Facebook, Instagram, Telegram-да);

-бағдарламаларды жазушылар саны мынадан кем емес топтарда/пабликтерде, аккаунттарда орналастыру:

– Instagram – кемінде 80 000 жазылушы;

– Facebook – кемінде 14 000 жазылушы;

– Telegram – кемінде 4000 жазылушы.

– әрбір бейнебағдарлама  әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалпы алғанда кемінде 150 000 рет қаралым жинауға тиіс.

20 14
Видеоподкаст жасау

 

Тақырыптық бағыттары: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ең өзекті мәселелер.

Спикерлер: мемлекеттік ведомстволардың,  квазимемлеккеттік сектордағы компаниялардың, салалық бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, беделді тұлғалар т.б.

Тілі: орысша, қазақша

Түсірілімге қойылатын талаптар:

–           2 камералы түсірілім;

–           сапалы дыбыс;

–           хронометраж – кемінде 30 мин.

Қоғамның порталында немесе әлеуметтік желілерде орналастыру.

30 54

«Қазақпарат» ХАА» АҚ интернет-ресурстарды ақылы түрде насихаттауға коммерциялық ұсыныс қабылдау мерзімін 31 мамырға дейін ұзартады.

Өтінімді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 31 мамырына дейін

Мекен жай: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр к-сі 17, 6-қабат. Email: info@inform.kz      Байланыс нөмір: 8(7172) 95-40-52, 8(7172) 95-40-67

Мақсаттар мен міндеттер

  • Қоғамға қарасты интернет ресурстардың танымалдылығын арттыру:

www.baigenews.kz – ақпараттық-талдамалық портал

www.baq.kz – ақпараттық талдамалық портал

www.el.kz  – ақпараттық-танымдық портал

www.adebiportal.kz –  әдеби портал

www.e-history.kz  – «Қазақстан тарихы» порталы

  • Сайтқа бірегей келушілердің санын былтырғы жылмен салыстырғанда кемінде 20% арттыру;
  • Әлеуметтік желілердегі жазылушылар санын былтырғы жылмен салыстырғанда кемінде 20% арттыру;
  • Интернет-ресурстардың Youtube-арнасындағы мультимедиалық контенттің қаралым санын арттыру.
Қызмет атауы Өлшем бірлігі Бағасы Ай сайынғы саны Ай сайынғы құны
Facebook, Instagram  әлеуметтік желілері арқылы таргет 1 өту

(СPC)

800 000
Youtube –те видежарнама (Instream) 1 қарылым  (CPV) 800 000

 

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

  • құқықтық қабілеттілігінің болуы;
  • республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
  • банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
  • жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
  • ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
  • міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
  • қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы.
  • ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы;
  • барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.