«Qazcontent» акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырманы орындауға көрсетілетін ілеспе қызметтер бойынша шарттар жасасу мақсатында әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер қабылдайды

Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефоны: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінімді қабылдау күні: 2023 жылғы 25 желтоқсан 18:00-ге дейін

Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын жалпы талаптар:

  • республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
  • банкроттық немесе тарату рәсіміне қатысы жоқ;
  • материалдық-техникалық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру, жалға алған жағдайда жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстары (оның ішінде, қажет болған жағдайда шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жалдау шарты немесе өтеулі қызметтер көрсетуге арналған шарт ұсынылуы тиіс) болуы тиіс;
  • құрылтай құжаттарын ұсыну (Жарғының көшірмесі, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама, банктік деректемелер, ҚҚС қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса));
  • қызметтердің құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
  • әлеуетті өнім берушінің толтырылған және қол қойылған сауалнамасын ұсыну

Ұсынылатын құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолы қойылуы, күндері, мөртаңбалар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулар, түзетулер болмауы тиіс және дұрыстығына күмән келтірмеуі тиіс. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы керек.

Қызметтер атауы Қызметтер сипаттамасы Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар
Қоғамның  e-history.kz, adebiportal.kz, baq.kz, baigenews.kz, el.kz, primeminister.kz, ruh.kz интернет-ресурстарын техникалық сүйемелдеу Сайттың жұмысына мониторинг және техникалық қолдау көрсету, сайттың функционалдық мүмкіндіктерін оңтайландыру, Тапсырыс берушінің талаптары мен техникалық орындалушылығын ескере отырып, проблемаларды жедел шешу.

Дерекқордың және сайттың бағдарламалық бөлігінің резервтік көшірмесі.

Сайттың жауап беретін нұсқасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Қоғам порталдарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету және олардың функционалдығын дамыту, сондай-ақ дизайнерлік безендіруді әзірлеуді қамтамасыз ету, сайтта орналастырылған материалдарды түзету (қажет болған жағдайда), баннерлер құру, функционалдық бөлігін пысықтау.

Өнім беруші порталдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, проблемалар туындаған кезде оларды бір тәулік ішінде жоюға, кодтың өзектілігін және порталдың ақпараттық қауіпсіздігін бақылауға міндетті.

Жаңалықтар сайттарды кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесін, тақырыптық сайттарды кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесін техникалық сүйемелдеу саласында растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы.

Осы компанияда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар менеджмент саласында кемінде бір маманның болуы.

Осы компанияда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір бэкенд-әзірлеушінің * болуы;

Осы компанияда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір  фронтенд-әзірлеушінің * болуы;

Осы компанияда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде екі жүйелік әкімшінің** болуы;

Осы компанияда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір тестілеушінің болуы;

Осы компанияда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір веб-дизайнердің болуы.

*Мамандар тек ағымдағы портал үшін жұмысқа тартылуы тиіс. Ағымдағы порталға бекітілген мамандардың басқа да жобаларға жұмыс істеуіне жол берілмейді.

** Қоғамның primeminister.kz интернет-ресурсы үшін  басқа жобаларға қатысы жоқ кем дегенде бір жүйелік әкімші.

ИР дамыған және әзірленген жағдайда Қазақстан Республикасы стандарттарының талаптарын басшылыққа алу:

•  ҚР СТ 2190-2012 “Ақпараттық технологиялар. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың интернет-ресурстары. Талаптар”,

·  ҚР СТ 2191-2012 “Ақпараттық технологиялар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі”,

·  ҚР СТ 2192-2012 “Ақпараттық технологиялар. Интернет-ресурс, интернет-портал, интранет-портал. Жалпы сипаттамалар”,

·  ҚР СТ 2193-2012 “Ақпараттық технологиялар. Мобильді веб-қосымшаларды әзірлеудің ұсынылатын тәжірибесі”,

·  ҚР СТ 2199-2012 “Ақпараттық технологиялар. Мемлекеттік органдарда веб-қосымшалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар”.