«Қазақпарат» ХАА» АҚ интернет-ресурстарды ақылы түрде насихаттауға коммерциялық ұсыныс қабылдайды

«Қазақпарат» ХАА» акционерлік қоғамы интернет желісінде мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау аясында интернет-ресурстарды ақылы түрде насихаттауға коммерциялық ұсыныс қабылдайды.

Өтінімді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 11 мамырына дейін

Мекен жай: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр к-сі 17, 6-қабат. Email: info@inform.kz      Байланыс нөмір: 8(7172) 95-40-52, 8(7172) 95-40-67

Мақсаттар мен міндеттер

  • Қоғамға қарасты интернет ресурстардың танымалдылығын арттыру:

www.baigenews.kz – ақпараттық-талдамалық портал

www.baq.kz – ақпараттық талдамалық портал

www.el.kz  – ақпараттық-танымдық портал

www.adebiportal.kz –  әдеби портал

www.e-history.kz  – «Қазақстан тарихы» порталы

  • Сайтқа бірегей келушілердің санын былтырғы жылмен салыстырғанда кемінде 20% арттыру;
  • Әлеуметтік желілердегі жазылушылар санын былтырғы жылмен салыстырғанда кемінде 20% арттыру;
  • Интернет-ресурстардың Youtube-арнасындағы мультимедиалық контенттің қаралым санын арттыру.
Қызмет атауы Өлшем бірлігі Бағасы Ай сайынғы саны Ай сайынғы құны
Facebook, Instagram  әлеуметтік желілері арқылы таргет 1 өту

(СPC)

800 000
Youtube –те видежарнама (Instream) 1 қарылым  (CPV) 800 000

 

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

  • құқықтық қабілеттілігінің болуы;
  • республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
  • банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
  • жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
  • ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
  • міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
  • қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы.
  • ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы;
  • барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.