Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі
Телефон: +7 7172 95-40-50
E-mail: info@qcontent.kz
Өтінім қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 12 мамырға дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– құқықтық қабілеттілігінің болуы;
– республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
– банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
– міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.
Проект | Тілі | Негізгі талаптар | Жалпы саны |
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер
|
Қаз\орыс | Әлеуметтік желілер мен мессенджер парақшаларында (Facebook, Instagram, Telegram) бейтарап-жағымды посттар мен ақпараттық-түсіндіру хабарламаларын жасау және орналастыру.
Қойылатын талаптар: – бір жалған ақпарат бір рет, бір материалмен теріске шығарылуға тиіс. Бұл ретте бұрын терістелген жалған ақпараттың бір бөлігін немесе тұтастай пайдалануға болмайды – әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде жалған ақпараттың жарияланғанын растайтын (сілтеме-скриншот) деректің болуы; – материалдар бірегей болуға тиіс; – материал әлеуметтік желілерде екі түрлі алаңда орналастырылуға тиіс. Бұл ретте, ақы материал тек бір алаңда орналастырылғаны үшін төленеді; – жалған ақпарат пен оны терістеген ақпараттың тілі – қазақша немесе орысша; Орналастыруға қойылатын талаптар: – Материалдар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде немесе Telegram мессенджеріндегі ірі аккаунттарда, пабликтерде, топтарда орналастырылуға тиіс. – Жоғарыда аталған әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны Facebook – кемінде 14 000; Instagram – кемінде 70 000; Telegram – кемінде 4 000 жазылушы болуға тиіс.
|
292 |