Правление

Қонысов Бекен Қырғызханұлы, 1975 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткөл елді мекенінде дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 1997 жылы Докуз Эйлюль университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Sity Service Mangistau» ЖШС директоры болып бастаған.

2010-2012 жылдары Астана қаласы «Ханшатыр» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

2012-2019 жылдар аралығында – «Жебе Медия» ЖШС директоры, Шымкент қаласы.

2019-2020 жылдары Шымкент қаласының «Ақпараттық коммуникациялық орталығы» КММ директоры қызметін атқарды.

2020 жыл – «Егемен Қазақстан» АҚ интернет редакциясының басшысы, маркетинг бөлімінің басшысы.

2020 жылғы тамыздан қазанға дейін – Шымкент қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісінің міндетін атқарушы.

2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы қараша аралығында -«Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы қыркүйекке аралығында – «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметі бөлім басшысы-баспасөз хатшысының міндетін атқарушы.

2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтар аралығында – «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы.

2023 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің  көмекшісі.

2023 жылғы 14 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazcontent» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі.

Басқарма төрағасының орынбасары Б.К. Конысовқа төмендегі мәселелер бойынша жетекшілік етеді:

–   «Baq.kz» ақпарат агенттігі;

–   «BaigeNews.kz» ақпарат агенттігі;

–   «EL.kz» ақпарат агенттігі;

–   «Primeminister.kz» ақпарат агенттігі;

–   «Әдебиет порталы» интернет жобасы;

–   «Қазақстан тарихы» интернет жобасы;

– «Ruh.kz» порталы

–    Жобаларды насихаттау басқармасы;

–   Мультимедиалық контент басқармасы;

–   Бақылау және есептілік басқармасы;

– Жүйелерді қолдау және дамыту басқармасы;