02.05.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

 «Qazcontent» АҚ  мультимедиалық жобалар жөніндегі

Көркемдік кеңесі отырысының

  № 5 ХАТТАМАСЫ

 

Өткізілген күні мен уақыты: 02.05.2025ж. сағат 11:00

Төрағасы: Ы.Қ.Сағымбеков

Хатшы: А.Б. Алпысбай

Қатысушылар: Ы.Қ.Сағымбеков, А.Хумарзак, А.Д.Избаев, Г.Ж.Билялова, Ы.Ожай, Г.Ж.Айтказина, Р.М.Омаров.

Қатыспағандар: Ж.М. Смайлов, С.С. Тоқбай

 

Күн тәртібінде

  1. Көркемдік кеңестің хатшысын сайлау
  2. El.kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру және өнім берушіні таңдау.

 

Тыңдалды

Бірінші сұрақ бойынша:

Ы.Қ.Сағымбеков: Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп El.kz АА үйлестірушісі А.Б. Алпысбайды сайлауды ұсынамын.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Хатшы сайлау туралы шешім бірауыздан қабылданды!

Екінші сұрақ бойынша:

El.kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру және өнім берушілерді таңдау бойынша  El.kz АА бас редакторының орынбасары Р.Омаров сөз алды:

  • Үш компаниядан ұсыныс келіп түсті. Үшеуінде де концепция, коммерциялық ұсыныс, компанияны растаушы құжаттары бар. Ұсынылғандар:

 

  1. AiMedia жобалық атауы «Ауылым алтын бесігім» атты репортаждар циклін ұсынып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін бір шығарылым құнын 1 991 500 деп бағалаған.

 

  1. ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” жобалық атауы «Made in KZ» деп аталатын документалды арнайы репортаждар циклін ұсынып отыр. Бір шығарылымды түсіру құнын 1 500 000 теңге деп көрсетіпті.

 

  1. ЖК «Infinity» жобалық атауы «Арнай репортаж» деп аталатын репортаждар циклін ұсынған. Бір шығарылым шығынын 1 950 000 теңге деп көрсеткен.

 

Концепцияларын назарларыңызға ұсынамыз.

Құжаттары бойынша, ЖК  «Infinity» керек құжаттарды толық жібермеген.

Енді бағасына назар аударсаңыздар. Ұсынылған бағалар ішінде ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” ұсынған баға біздің талапқа сай келеді.

Қалған екеуінің соммасы тым жоғары. Яғни, салыстырмалы түрде ИП “Күн”  ұсынған баға мен идеясы  редакцияны қызықтырып отыр. Қорыта айтқанда біріншіден суммасы, екіншіден жарияланым талабына сай – отандық өндірушілер мен отандық тауар туралы жоба, үшіншіден құжаттары талапқа сай келеді. Осы ұсынысқа қатысты пікір білдіріп, дауыс берулеріңізді сұраймын.

Г.Билялова қай тілде түсірілетіні және уақыты бойынша сұрақ қойды.

Р.Омаров: Кемінде 20 минуттан аз емес және редакция таңдаған тілде түсіріледі.

Г.Билялова: Продвижение талаптары бар ма?

Р.Омаров: Талап бойынша әлеуметтік желі арқылы  инстаграм, телеграм, фейсбук, ютуб арқылы алға жылжытып отырады. Талап бойынша, 10 мың қаралым жинауы керек. Оларда бәрі ішіне кіреді, сомма өзгермейді. Аптасына 5 шығарылымнан кем емес шығарылады. Тақырыпты бізге ұсынады, басшылық бекітетін болады.

Хұмырзақ ілгерілету кезінде тапсырыс беруші тараптың әлеуметтік желі парақшаларымен колоббарация жасауды ұсынды.

Төраға Ы.Сағымбеков барлығы заңға, ережеге сай келуі тиістігін ескертті. Қай компания жеңсе де техникалық талаптарды сақтау жағын қадағалау керек деді.

 

Көркемдік кеңес мүшелері ҰСЫНАДЫ

«ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна» ұсынып отырған «Made in KZ» жобасына

 

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

 

Өнім берушіні таңдау туралы шешім бірауыздан қабылданды!

АТЫ-ЖӨНІ «КЕЛІСЕМІН» «ҚАРСЫМЫН» «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»
Ы.Қ. Сағымбеков      
Ж.М.Смайлов      
С.С. Тоқбай      
Г.Ж. Билялова
Е.Н. Айтказина
Ы. Ожай
А. Хумарзах
А.Д. Избаев
Р.М. Омаров

 

Көркемдік кеңес хатшысы: А.Алпысба

28.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

 

 «Qazcontent» АҚ  мультимедиалық жобалар жөніндегі

Көркемдік кеңесі отырысының

  № 5 ХАТТАМАСЫ

 

Өткізілген күні мен уақыты: 28.04.2025ж. сағат 11:00

Төрағасы: Ы.Қ.Сағымбеков

Хатшы: А.Б. Алпысбай

Қатысушылар: Ы.Қ.Сағымбеков, А.Хумарзак, А.Д.Избаев, Г.Ж.Билялова, Ы.Ожай, Г.Ж.Айтказина, Р.М.Омаров.

Қатыспағандар: Ж.М. Смайлов, С.С. Тоқбай

 

Күн тәртібінде

  1. Көркемдік кеңестің хатшысын сайлау
  2. kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру және өнім берушіні таңдау.

 

 

Тыңдалды

Бірінші сұрақ бойынша:

 

Ы.Қ.Сағымбеков: Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп El.kz АА үйлестірушісі А.Б. Алпысбайды сайлауды ұсынамын.

 

Дауыс беру нәтижесі:

 

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

 

Хатшы сайлау туралы шешім бірауыздан қабылданды!

 

Екінші сұрақ бойынша:

Тындалды:
El.kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру және өнім берушілерді таңдау бойынша
 Үш компаниядан ұсыныс келіп түсті. Үшеуінде де концепция, коммерциялық ұсыныс, компанияны растаушы құжаттары бар.  Ұсынылғандар:

  1. AiMedia жобалық атауы «Ауылым алтын бесігім» атты репортаждар циклін ұсынып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін бір шығарылым құнын 1 991 500 деп бағалаған.
  1. ИП “Күн” Примбетова Гулжанат Оразалиевна” жобалық атауы «Made in KZ» деп аталатын документалды арнайы репортаждар циклін ұсынып отыр. Бір шығарылымды түсіру құнын 1 500 000 теңге деп көрсетіпті.
  2. ЖК «Infinity» жобалық атауы «Арнай репортаж» деп аталатын репортаждар циклін ұсынған. Бір шығарылым шығынын 1 950 000 теңге деп көрсеткен.

Ы.Қ.Сағымбеков: Біз барлық үш өтінішті қабылдап, қарастыруды ұсынамыз.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

АТЫ-ЖӨНІ «КЕЛІСЕМІН» «ҚАРСЫМЫН» «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»
Ы.Қ. Сағымбеков      
Ж.М.Смайлов      
С.С. Тоқбай      
Г.Ж. Билялова
Е.Н. Айтказина
Ы. Ожай
А. Хумарзах
А.Д. Избаев
Р.М. Омаров

 

Көркемдік кеңес хатшысы: А.Алпысбай

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2025 жылы интернет желісінде мемлекеттік қолдау шаралары мен бастамаларын түсіндіруге арналған жоба жасау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

Қызметтің техникалық сипаттамасы.

Шарт жобасы

Мекен жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел, 30 даңғылы, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 24 сәуірге дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

17.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар


26.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

“BaigeNews.kz” ақпараттық агенттігі үшін мультимедиялық контент өндіру және сатып алу жөніндегі қызметтер

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ, телефон: +7 7172 95-40-50, E-mail: info@qcontent.kz

Шарт жобасы.

Қызметтер саны: 20 шығарылым, жалпы хронометраж – 360 минут.

Жарияланған әр видеороликтің қаралым саны 10 000 кем болмауы тиіс

Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша

Қызмет көрсету мерзімі: Келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 2025 жылдың қараша айына дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

Бағалық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс

 

Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік тілде ұсынылады.

Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға көрсетілген өтінім.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Өтінімдер 2025 жылғы 25 ақпан 18:00-ге дейін «Qazcontent» АҚ электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 26 ақпан, 18:00-ге дейін.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС-сыз 9 642 855,6  теңгеден аспайды.

«Qazcontent» АҚ өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды

2025 жылдың 5 ақпанында KAZENERGY қауымдастығы мен «QAZCONTENT» АҚ медиа компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құжатқа қауымдастықтың бас директоры Жандос Нұрмағанбетов пен «QAZCONTENT» АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек қол қойды.

Келісім экологиялық және энергетикалық секторларды көрсетуге бағытталған бірлескен жобаларды қарастырады. Негізгі мақсаттар – ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, жұртшылықпен өзара байланыс орнату, аудиторияны кеңейту және салалық журналистиканың біліктілік деңгейін көтеру.

2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Жұмысшы мамандықтары жылы» қоғамда еңбексүйгіштік пен кәсібилік идеясын ілгерілетеді. KAZENERGY мен QAZCONTENT арасындағы ынтымақтастық мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды қолдауға бағытталған.

Жетекші мемлекеттік медиахолдингпен ынтымақтастығымыз энергетика саласындағы, экологиялық жағдайды, оның ішінде мұнай-газ және атом өнеркәсібіндегі өзекті мәселелерді көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін, – деді Жандос Нұрмағанбетов.

Айна Задабек өз кезегінде:

Осы меморандумға қол қойылуы БАҚ пен энергетика секторы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады, бұл маңызды ақпаратты тиімді жеткізуге мүмкіндік береді және БАҚ қызметкерлерінің оқыту шаралары мен өндіріс орындарын аралауы арқылы салалық журналистиканың дамуына ықпал етеді, – деді басқарма басшысы.

KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды. Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 70 компанияны біріктірді. KAZENERGY қызметінің мақсаты әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу болып саналады.

Qazcontent» акционерлік қоғамы — мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания 7 ақпараттық ресурсты біріктіреді: жаңалықтар сайттары — baigenews.kz, baq.kz, el.kz, тақырыптық порталдар — adebiportal.kz, e-history.kz, ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты. Компания ресурстары 3 тілде қолжетімді.

05.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар

30.01.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

 

 

25.12.2024 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар