- Қоғамдық қатынастар саласының атауы
- Қызмет саласы: бұқаралық ақпарат құралдары.
- Түрлері: Агенттіктің сайтында жаңалықтар ақпараттарын орналастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бағдарламалық қамсыздандыру, ақпараттық технологиялар саласындағы кеңес беру және практикалық қызметтер, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару бойынша қызмет, деректерді орналастыру және өңдеу қызметтері, веб-порталдар.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеушінің атауы
- «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің» (әрі қарай – Агенттік), әкімшілік және кадрлар бөлімі.
- Қоғамдық қатынастардың оңаша саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлық (әрекет) ережелері
- Жемқорлыққа қарсы стандарт жүретін саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде, Агенттік қызметкерлері:
1) заңдылық ұстанымын, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуға, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға;
2) мүдделер қақтығысы туындауының кез келген мүмкіндігіне жол бермеу шараларын қолдануға;
3) жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекетке (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
4) өздерінің лауазымдық уәкілеттерін және өзіне байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда табуға пайдаланбауға;
5) жоғары кәсіби қызмет жүргізу үшін бар күшін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің қолайлы, үнемді және басқа да құзыретті тәсілдерін қолдануға;
6) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін үнемі өзінің кәсіби деңгейі мен білігін арттырып отыруға;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда қызметін теріс пайдалану, негізсіз бюрократизмге және кеңсешілдік, сондай-ақ дөрекілік және бұрмалаушылық жағдайларына жол бермеуге;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, еркіндіктерінің және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
9) жоғары құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстануға және әріптестерінен талап етуге міндетті.
- Өз құзыреттері аясында басқару және басқа да шешімдер әзірлеу және дайындау кезінде Агенттік жұмысшылары:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
- қызметтік құпияны және құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз етуге;
- кәсіби (қызметтік) этиканы сақтауға;
- өзін басқа тұлғалардың жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға үгіттегенде Агенттік басшылығын, уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде жылдам хабардар етуге;
- еңбек тәртібін мүлтіксіз орындауға, берілген уәкілеттерді тиімді пайдалануға; өзінің қызметтік міндеттерін бұрмалаусыз, адал, сапалы орындауға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
- лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және заңды тұлғаларға басымдық бермеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметтік жағдайын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және басқа да тұлғалардың қызметіне ықпал етуге пайдаланбауға;
- үшінші тұлғалардың мүдделерін ұсынудан, тықпалаудан аулақ болуға, олардың атынан әрекет етуден сақтануға;
- басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпауға;
- әріптестер мен басшыларға олардың қалтқысыз қызметтік шешімдер қабылдауына әсер етуі мүмкін, өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын өтініштермен жүгінуден сақтануға міндетті.
- Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде Агенттік жұмысшылары:
- ішкі құқықтық құжаттардың жобаларын мүдделі құрылымдық бөлімшелерге, сол жобаға келісім алу үшін түсініктеме жазбасын міндетті түрде қосымша ете отырып жіберуге;
- ішкі құқықтық құжаттардың жобаларын, олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру мақсатында заңды сараптама жүргізу үшін құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі басқармаға жіберуге міндетті.
- Тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты туындаған басқа өзара қарым-қатынастар кезінде Агенттік жұмысшылары:
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, еркіндіктерінің және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен және мерзімде қарауға және оларға қатысты тиісті шараларды қабылдауға;
- бағынышты жұмысшыларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік фактілеріне, адами құндылықтарын кемсітуге, әдепсіздікке, ожарлыққа жол бермеуге;
- басшылардың тапсырмаларын орындау процесінде тек объективті әрі сенімді мәліметтерді беруге;
- мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, меншіктерді тиімді, ұтымды және тек қызметтік мақсаттарда пайдалануға;
- ұжымда іскер қарым-қатынастарды және конструктивті ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға қолғабыс етуге;
- өздеріне белгілі болған жемқорлық құқықбұзушылық фактілері туралы басшылыққа немесе уәкілетті органға жылдам хабар беруге міндетті.
- Басқа шектеулер мен тыйымдар
- Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасының талаптарын сақтау.
- Қазақстан Республикасының заңдарымен беклгіленген шектеулерді сақтау.
- басшылықтың олардың лауазымдық уәкілеттері аясында берген бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңның 12-бабының 1-тармағының
4) тармақшасына сәйкес, өзінің лауазымдық міндеттемелері мен функцияларын орындағаны үшін заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар, қызметтер, сыйлықтар, тауарлар немесе басқа тұрдегі сыйақылар алмау.
- басқа тұлғаларды жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға үгіттемеу және жасағаны үшін ынталандырмау.
- таратуға жатпайтын қызметтік және басқа ақпараттарды мүліктік немесе мүліктік емес игіліктерді және артықшылықтарды алу мақсатында пайдаланбау.