22.02.2024

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатын жүргізу бойынша қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында әлеуетті өнім берушілерден мультимедиалық жобаларға шығармашылық өтінімдер қабылдайды.

Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ офисі

Телефоны: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінімді қабылдау күні: 2024 жылғы 10 наурызға дейін

Қызмет: «BaigeNews.kz» ақпарат агенттігі үшін мультимедиалық контент жасау және орналастыру.

Қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпауы;

– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалды-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);

– қабылданған міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызметтердің құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажет қолдар қойылуы, күні, мөртабаны мен мөрі көрсетілуі, қандай да болмасын өшірулер, қатені дұрыстаулар, түзетулер жүргізілмеуі, дұрыстығына ешқандай күмән туындамауы керек..

Жоба Тілі Қойылатын талаптар Жалпы көлемі минутпен
«BaigeNews.kz» ақпарат агенттігі үшін мультимедиалық контент жасау және орналастыру Орыс тілінде Талаптар:

– мемлекеттік ақпарат саясатының материалдарына сәйкестігі;

– материалдарды өздері шығаруы керек;

– барлық материалдар бірегей болуы қажет;

– хронометраж – кемінде 1 минут;

– сонымен қатар әлеуметтік желілерде орналастыру үшін әр бағдарламадан 5 қысқа бейнеролик дайындау қажет.

– бір қысқа бейнеролик хронометражы – кемінде 50 секунд, ажыратымдылығы кемінде 720px болатын 9×16 формат;

– BaigeNews.kz. порталының Youtube-каналында орналастырылған әрбір бағдарлама бойынша қаралымдарды (кемінде 2 000 қаралым) қамтамасыз етуі керек

500