10.04.2024

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты  жүргізу бойынша  мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

  

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz 

Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 24 сәуірге дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

Жоба

Жанр

Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы Тілі Негізгі талаптар Хроно (кемінде мин) Жалпы шығарылым саны
ADEBIPORTAL.KZ
танымдық бағдарлама Әдеби сыр-сұхбат (қаламгерлермен) бағдарлама:

1) Әңгімеге арқау болатын тақырыптың негізгі идеясы (лейтмотиві) туралы   ақпарат беріледі;

2) Экранда кейіпкер немесе атаулы дата туралы оқырман пікірі беріледі;

қаз – Материалға шапка, титр, 2 не 3D форматтағы графика,  моушн-дизайн элементтерін қосу;

– студиялық түсірілім (циклорама, хромокей);

– 3 камералы түсірілім;

–  материалды дайындау кезінде пайдаланылған ақпараттың дұрыстығы (деректер, сандар, болжамдар);

– тақырыптар мен бағдарлама кейіпкерлерін әзірлеп, Тапсырыс берушімен келісу;

-материалдың бірегей болуы;

– сапалы бейне және дыбыс;

– материалды визуалды өңдеу (түс коррекциясы);

–   әлеуметтік желіде, бейнехостинге орналастырып, одан әрі насихаттау үшін  шағын промо-ролик, превью, мұқаба және сипаттама дайындау;

        30-35 мин  

660 мин