05.06.2023

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2023 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 16 маусымға дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;

– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);

– міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

 

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.

 

Жоба

Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы  

Тілі

 

Негізгі талаптар

 

Бір шығарылымның жронометражы

(кемінде)

 

Жалпы шығарылым саны

Қоғам порталдарында және әлеуметтік желілерде  қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдерін көрсету арқылы  қазіқ тілін насихаттайтын мультимедиялық контент орналастыру Сұхбат, логикалық сұрақ-жауап, ой дамытар ойындар Қаз Талаптар:

-Қоғам порталдарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған бейнематериалдар;

–  мемлекеттік ақпараттық саясатқа материалдардың сәйкестігі;

– материалдар өз өндірісінен болуы керек;

– барлық материалдар бірегей болуы керек;

– жұмыс уақыты кем дегенде 20 минут.

Ілгерілету талаптары:

Жарияланған шығарылымды сілтемемен аккаунттарда/пабликтерде орналастыру.

Facebook – кемінде 20 000 жазылушы (1 аккаунт);

Instagram – кемінде 20 000 жазылушы (1 аккаунт).

 

25 минут

 

400 мин