YouTube желісіндегі El.kz арнасы «күміс батырмаға» ие болды

El.kz ақпарат агенттігінің Youtube-тағы арнасына “күміс батырма” табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай батырма 100 мыңнан астам оқырман жинаған каналдарға беріледі. Қазір el.kz каналының оқырмандар саны 107 мыңға жетті. Қоғамдық, саяси, экономикалық ақпараттарды таратып жүрген канал ақпарат айдынында өз орнын алып үлгерді.

Америка Құрама Штаттарынан келген жүлдені алып, Qazcontent ұжымы зор қуанышқа бөленді.

 

 

 

YouTube желісіндегі El.kz арнасы «күміс батырмаға» ие болды

Бұл – барлығымызға ортақ жеңіс. Журналистен бастап SMM мамандары, видеографтар, барлығымыздың ортақ еңбегіміз. Басқа сайттарымызға да жұғысты болсын! Бәріміз бірге ауызбіршілікте осындай керемет жетістіктерде бас қосып, құттықтап жүре берейік, – деді Qazcontent АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бекен Қоныс.

Айта кетейік, El.kz ақпараттық агенттігі Qazcontent-тегі порталдар арасында мұндай көрсеткішке алғаш болып қол жеткізді.

YouTube желісіндегі El.kz арнасы «күміс батырмаға» ие болды

100 мыңға жетеміз дедік. Үлкен еңбек. Алты айдың ішінде 55 мың жазылушы жинадық. Енді алтын батырмаға қол жеткізейік, – деді Qazcontent АҚ басқарушы директоры Махат Садық.

YouTube желісіндегі El.kz арнасы «күміс батырмаға» ие болды

YouTube желісіндегі El.kz арнасы «күміс батырмаға» ие болды

YouTube желісіндегі El.kz арнасы «күміс батырмаға» ие болды