Бос жұмыс орындары
Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
+7 (7172) 64-95-53, info@qcontent.kz
Требования: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл | Обязанности: Қажет болған жағдайда жоғары жүктелген web-жобаларды әзірлеу; қажет болған жағдайда web-сайттардың дизайны мен интерфейсінің тұжырымдамасын әзірлеу; қажет болған жағдайда әкімшілендірудің әртүрлі жүйелерінде модульдерді бағдарламалау; қажет болған жағдайда сайттарда жаңа функционалды әзірлеу және енгізу; сайттарда бар функционалды қолдау; сайт модульдерін әзірлеу; макеттерді орналастыру. Қажет болған жағдайда бөлімдердің, беттердің, интерфейстердің, модульдердің дизайн-макеттерін (техникалық дизайнын) көрсету; дизайнермен жұмыс істеу, қойылған міндеттердің орындалуын бақылау; Сайттар процестерін автоматтандыру мүмкіндіктерін пысықтау және бағалау үшін Тапсырыс берушімен өзара іс-қимыл жасау; қажет болған жағдайда сайттардың техникалық проблемаларын диагностикалау; оларды жою, алдын алу үшін міндеттерді тұжырымдау; әзірлеу ортасын, бағдарламалау тілдерін, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды жүзеге асыру; қоғам жобаларының бағдарламалық-аппараттық құралдарын тестілеуге қатысу; порталдарды өнеркәсіптік жобаларға тапсыруға қатысу және көмек көрсету пайдалану. | Условия: Жұмыс кестесі: сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін, бескүндік, офис сол жағалауда орналасқан. |
Требования: Кәсіптік техникалық білімі бар және/немесе журналистика, филология, қоғаммен байланыс, саясаттану, тарих, экономика, қаржы, менеджмент, баспа ісі, құқықтану, ақпараттық жүйелер, философия, әлеуметтану, гуманитарлық ғылымдар мамандығы бойынша жоғары білімі бар жұмыс тәжірибесі жоқ адам. Белгілі бір лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті базалық білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Обязанности: Ақпаратты іздестіру және жинақтау; Фактологиялық, синтаксистік, грамматикалық, пунктуациялық және басқа да қателерді анықтау үшін алынған ақпаратты қайта тексеру; Сұхбаттасушы тұлғалармен сұхбаттың, әңгімелесудің және сөйлесудің мәтіндік және аудио - және/немесе бейнежазбаларын сақтау; Оқиғалар мен іс-шараларды өткізу орнына, сондай-ақ редакцияның тапсырмасы бойынша іссапарларға бару; | Условия: Жұмыс кестесі: сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, бескүндік, офис сол жағалауда орналасқан. |
Требования: IT мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. | Обязанности: Қоғамның бағдарламалық және аппараттық шешімдерін сүйемелдеу; қоғамның серверлік шешімдерін баптау және мониторингілеу; қоғамның ішкі және сыртқы инфрақұрылымын виртуалдандыру жүйесін әкімшілендіру, қоғамның виртуалды серверлерін құру және олардың жұмысын қамтамасыз ету; серверлік, желілік жабдықты ішкі корпоративтік желіні және сыртқы желіні мониторингтеу, баптау және сүйемелдеу Linux операциялық жүйесіне негізделген виртуалды машиналарда web-қоршаған ортаны орналастыру және баптау бағдарламалық аудармашыларды қоса алғанда, тұрақты бағдарламалық жасақтама мен ОЖ нұсқаларының жаңаруын тұрақты бақылау қоғам дерекқорларын басқару жүйелерін басқару, қоғамның тұрақты резервтік жүйелерін ұйымдастыру және бақылау. | Условия: Жұмыс шартты жеке сұхбат нәтижесі бойынша |
Требования: Жоғары білім, медиа саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. | Обязанности: Материалдың тақырыбы бойынша бейне тізбектерді таңдау және пайдалану; бекітілген жұмыс тәртібіне сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; барлық түрдегі және жанрдағы жобаларды монтаждаудың шығармашылық процесін жүзеге асыру; бастапқы материалды тексеру, дубльдерді іріктеу, жекелеген дубльдердің ақауларын анықтау. | Условия: 5-күндің жұмыс аптасы. Жалақы жеке келісім бойынша |
Требования: Журналистика, құқықтану, саясаттану, тарих, философия, филология, қоғаммен байланыс, баспа ісі, құқық, экономика, менеджмент, ақпараттық жүйелер, халықаралық қатынастар, аударма ісі, педагогика, әлеуметтану, гуманитарлық ғылымдар, шет тілдері, әлеуметтік ғылымдар, түркология, шығыстану мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. | Обязанности: Ақпаратты іздестіру және жинақтау, ақпараттық-аналитикалық материалдарды, шолуларды, журналистік тергеулерді, фоторепортаждар мен материалдарды басқа журналистік жанрларда жазу; фактологиялық, синтаксистік, грамматикалық, пунктуациялық және басқа да қателерді анықтау үшін алынған ақпаратты және дайындалған материалдарды қайта тексеру; Сұхбаттасушы тұлғалармен сұхбаттың, әңгімелесудің және сөйлесудің мәтіндік және аудио - және/немесе бейнежазбаларын сақтау; ақпараттық лентаны сапалы және жедел толтыруды жүзеге асыру; ақпараттық өрістің, бәсекелес ақпараттық порталдардың, басқа да БАҚ және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу | Условия: Жұмыс шартты жеке сұхбат нәтижесі бойынша |
Требования: Шығарушы редактор лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және БАҚ саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: Меншікті тілшілерден келіп түскен ақпаратты талдау және өңдеу, оларды дайындау және порталға орналастыруды жүзеге асыру; Сыртқы ақпаратты көздерден: ашық ақпарат және ақпараттық-аналитикалық порталдарынан, министрліктер мен ведомстволардың ресми сайттарынан, оның ішінде ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің ресми сайттарынан күнделікті мониторингті және ақпаратты іздеуді жүзеге асыру, Ақпарат алаңының, бәсекелес ақпараттық агенттіктердің және басқа да БАҚ-тың күнделікті мониторингін жүргізу; Ақпараттық-аналитикалық материалдарды, оның ішінде Baigenews.kz жобасы бойынша мемлекеттік тапсырма шеңберінде ұйымдастыру, жазу, редакциялау және жариялауды жүзеге асыру; Мәтіндерді қарау, талдау және редакциялау (пресс-релиздер, авторлық мақалалар) ; Конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, қатыгездікті, зорлық-зомбылықты қолдап насихаттауды немесе үгіттеуді қамтитын хабарламалар мен материалдардың таралуына жол бермеу. Алынған ақпарат пен тілшілердің материалдарын фактологиялық, синтаксистік, грамматикалық, пунктуациялық және басқа да қателіктерге тексеру. Порталға материалдарды орналастырып, ресімдеудің бірыңғай саясатының сақталуын қамтамасыз ету. | Условия: Жұмыс шартты жеке сұхбат нәтижесі бойынша |
Требования: Дизайнер лауазымына мамандығы (дизайн, сәулет) бойынша жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: Дизайнды зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты таңдау және пайдалану; Көрнекі ақпарат, сәйкестендіру және коммуникация жүйелерін әзірлеу; Графикалық бағдарламаларда жұмыс істей білу; Жобаларды ілгерілету үшін өзекті контент табу және құру бойынша жұмыс. | Условия: Жұмыс шартты жеке сұхбат нәтижесі бойынша |
Требования: Шығарушы редактор лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, менеджмент және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және БАҚ саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: Сыртқы көздерден алынатын ақпаратқа: ашық ақпараттық және ақпараттық-талдау порталдарына, министрліктер мен ведомстволардың ресми веб-сайттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми веб-сайттарына күнделікті мониторинг жүргізу; ақпарат алаңының, бәсекелес ақпарат агенттіктердің және басқа да БАҚ-тың күнделікті мониторингін жүргізу; Іздестіру жүргізу, ақпарат жинау және мәтіндерді өңдеу (баспасөз-релиздерін, авторлық мақалалар); Арнайы тілшілерден және талдаушылардан келіп түсетін ақпаратты қабылдау, іріктеуі, талдау, өңдеу және «Қазақстан тарихы» интернет жобасының сайтында ақпаратты дайындап, қоюды жүзеге асыру; электрондық пошта, факс, телефон (материалдар, пресс-релиздер, хабарламалар және т. б.) арқылы келіп түсетін ақпарат ағынын қарау, талдау және редакциялау; Ақпараттық-талдамалық материалдарды, оның ішінде мемлекеттік тапсырма шеңберінде ұйымдастырып, жазу, редакциялау және жариялау; «Қазақстан тарихы» интернет жобасында жарияланатын ақпараттың мәтінін тиісінше ресімдеуді, сондай-ақ грамматикалық және пунктуациялық қателіктерге жол бермеу, авторлық материалдардың бірегейлігін тексеруді жүзеге асыру; Конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа табынуды және порнографияны насихаттап, үгіттеуді қамтитын хабарламалар мен материалдардың таралуына жол бермеу; Жарияланатын ақпараттың дерек көзін және дұрыстығын тексеру бойынша бақылау жүргізу; Азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуға жол бермеу; «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау. Үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын (мүліктік және мүліктік емес) бұзатын материалдар мен туындылардың таралуына жол бермеу; «Қазақстан тарихы» интернет жобасының сайтында ақпаратты (оның ішінде фото, видео материалдар, инфографика) жариялау кезінде автордың және алып пайдаланылған дерек көзінің көрсетілуін бақылау. Ақпаратты жарияламас бұрын (оның ішінде, бірақ фото, видео материалдар, инфографикамен шектелмей) автордың және алып пайдаланылған дерек көзінің жазбаша келісімі бар екеніне көз жеткізуге міндетті; Интернетте жарияланатын материалдарды ілгерілету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру (тегтеу, гиперсілтемелер, тарату, сюжеттерді таңдау, мультимедиа); Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша қызмет көрсететін арнайы тілшілер мен авторлардың жедел жұмысын үйлестіру; Қазақстанда және әлемде болып жатқан оқиғаларды жедел көрсету үшін «Қазақстан тарихы» интернет жобасымен ынтымақтастыққа штаттан тыс авторлар мен тілшілерді тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру. | Условия: Бос жұмыс орны уақытша, негізгі қызметкер жұмыста болмаған кезеңіне қабылданады. Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудың қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді |
Требования: Жетекші маман (архивариус) лауазымына жоғары білімі және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізу бойынша аяқталған құжаттарын сақтау үшін қабылдау, сондай-ақ оларды келіп түскен сұраныстарға сәйкес беру. Қоғамның істер номенклатурасын әзірлеу, архивке беру кезінде оның дұрыс қалыптасуы мен ресімделуін тексеру. Қоғамның сараптау комиссиясының жұмысына қатысу. Қоғамның архивіне сақтауға беру кезінде құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуде құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету. Қоғам архивінде сақталатын құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, жеке құрам бойынша тұрақты, уақытша (10 жылдан астам) сақталатын істердің жиынтық тізімдемелерінің жылдық бөлімдерін және сақталмайтын құжаттарды жоюға беру туралы актілерді жасау. Есепке алуды жүзеге асыру және сақтауға қабылданған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Қоғамда істерді қалыптастырудың, ресімдеудің және жедел сақтаудың дұрыстығын тексеру. Архивтердің жұмысы туралы есеп беру үшін деректерді дайындау. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудың қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді |
Требования: Іс жүргізу жөніндегі жетекші маман лауазымына экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану, құқық, құқықтану, гуманитарлық ғылымдар мамандығы бойынша жоғары білімі бар, лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: Қоғамның құжаттары бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылық және бақылау жүргізу. Құжаттарды қабылдау, тіркеу, олардың орындалуын бақылау және құжаттарды сақтау. Кіріс/шығыс құжаттаманы, сондай-ақ қызметтік жазбаларды, хаттарды (ҚПҮ), Қоғамның негізгі қызметі бойынша бұйрықтарды тіркеуге және құжаттаманы Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне жіберу. Басқарма төрағасының орынбасарына, Басқарма Төрағасына қол қоюға ұсынылатын құжаттардың дайындалуын, дұрыс жасалуын, келісу, бекіту барысын бақылау. Қоғамның ағымдағы қызметі мәселелері бойынша үшінші тарап ұйымдарымен (коммерциялық және мемлекеттік) және жекелеген азаматтармен (телефон және т.б.) жедел байланыс орнату. Архивке сақтауға немесе жоюға арналған құжаттарды жыл сайын іріктеуді жүргізу. Алынатын және жіберілетін хат-хабарлардың есебін жүргізу, ағымдағы архивтің құжаттарын жүйелеу және сақтау. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудың қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді |
Требования: аға тілші лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және БАҚ саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: «Baigenews.kz» АА-ның перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысу, жекелеген тақырыптарды қамту бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа тақырыптарды іздеу; «Baigenews.kz» АА контентін толтыру бойынша медиа-жоспарлар жасау; ақпарат алаңын, бәсекелес ақпарат агенттіктердің және басқа да БАҚ-тың күнделікті мониторингін жүргізу; «Baigenews.kz» АА жедел ақпарат және басқа материалдармен қамтамасыз етіп, өз басылымдарын дайындайды; Оқиғаларды жариялау үшін оқиға орындарына бару, белгіленген жағдайларда аккредиттеу алу, оқиға орындарында жедел ақпарат жинап, жоспарланған сұхбаттарға сұрақтар дайындау, сұхбаттасушылармен кездесу, сұхбат алу; Жиналған ақпаратты зерделеу, материалдарды өңдеу, оларды сұхбат, жарияланымдар, белгілі бір тақырып бойынша түсініктемелер түрінде ұсыну, очерктер, мақалалар дайындау; «Baigenews.kz» АА мәтіндерін (пресс-релиздер, авторлық мақалалар) редакциялау; «Baigenews.kz» АА-да жарияланатын ақпараттың мәтінін тиісінше ресімдеу, сондай-ақ грамматикалық және тыныс белгілерінің қателіктерге жол бермеу, авторлық материалдар бірегейлігінің болмауы; алынған ақпараттың бастапқы көзі мен дұрыстығын тексеру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың өзге де талаптарын орындау; «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау; интернетте жарияланатын материалдарды (тегтеу, гиперсілтемелер, тарату, сюжеттерді, мультимедианы іріктеу)ілгерілету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудың қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді |
Требования: маман лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар адам жұмыс өтіліне талаптар қойылмай тағайындалады. | Обязанности: ақпарат іздеу және жинау, мақалалар жазу, фоторепортаж , бейне-контент жасау, блиц-сауалнамалар жүргізу; арнайы материалдар, фоторепортаждар, блиц-сауалнамалар мен сұхбаттар жазу үшін естелік және мерейтойлық күндерді қадағалау; Фактологиялық, синтаксистік, грамматикалық, пунктуациялық және басқа қателерді анықтау үшін алынған ақпаратты және дайындалған материалдарды қайта тексеру; сұхбат алушылармен сұхбаттасу, әңгімелесу және сөйлесу барысын мәтіндік, аудио және/немесе бейне жазбаларын сақтау; Оқиғалар мен іс-шараларды өткізу орнына, сондай-ақ бас редактордың тапсырмасы бойынша іссапарларға бару; «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау». | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудың қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. Жұмыс шартты жеке сұхбат нәтижесі бойынша |
Требования: Тілші лауазымына мамандық бойынша (журналистика, филология, қоғаммен байланыс, саясаттану, тарих, экономика, менеджмент, баспа ісі, құқықтану, ақпараттық жүйелер, философия, әлеуметтану, гуманитарлық ғылымдар) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын тұлға тағайындалады. | Обязанности: Мәтіннің әртүрлі элементтерінің графикалық және лексикалық біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында редакцияланған қолжазбаларды, корректуралық баспа-таңбаларын оқуды жүзеге асыру; оқушылар, студенттер үшін және жалпы қоғам үшін әдебиет бойынша пайдалы ақпаратты жариялау; әдебиет әлеміндегі жаңалықтарды, ақындар мен жазушылармен сұхбаттарды, олардың шығармаларын жариялау; Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамдағы ақындар мен жазушылардың рөлін арттыру, жастардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, шетелдік ақындар мен жазушылармен байланыстарды қалыптастыру мен нығайту; орфографиялық және пунктуациялық қателерді жою, жазу барысында техникалық ережелерін сақтау, сондай-ақ мағыналық және стилистикалық сипаттағы кемшіліктерді түзету; Бас редактор бекітіп, әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс істеу | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Аға контент-менеджер лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және БАҚ саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. Нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін міндетті білімнің, қажетті іскерліктің және дағдылардың болуы қажет. | Обязанности: Түрлі WEB-технологияларды (әлеуметтік желілердің тақырыбы мен ерекшелігін ескере отырып) талдау және зерттеу; Қоғам жобаларын талқылауға қатысу; графикалық бағдарламаларда жұмыс істей білу; Қоғамның контентін дайындау және іске асыру; Қоғамның тақырыптық жобаларын ілгерілету үшін өзекті контентті іздеу және генерациялау бойынша жұмыс істеу; Қоғамның саясаты мен "корпоративтік мәдениетін" қолдау; Еңбек және орындау тәртібін сақтау; Контентті өңдеу; әлеуметтік желілерді мәтіндік, графикалық және басқа ақпарат түрлерімен (контентпен) толтыру; Әлеуметтік желілерде мәтіндерді, суреттерді, бейнелерді және презентацияларды жариялау. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Маман лауазымына кәсіптік техникалық білімі және/немесе жоғары білімі бар адам жұмыс өтіліне талаптар қойылмай тағайындалады. Нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін міндетті білімнің, қажетті іскерліктің және дағдылардың болуы қажет. | Обязанности: Фото-бейне архивпен жұмысты жүзеге асыру; ақпараттық порталдар (редакциялар) бойынша иллюстрацияларды іріктеуді орындау және оларды пайдалану мүмкіндігін белгілеу; Фактологиялық, синтаксистік, грамматикалық, пунктуациялық және басқа қателерді анықтау үшін алынған ақпаратты және дайындалған материалдарды қайта тексеру. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Шығарушы редактор лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және БАҚ саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады | Обязанности: Сыртқы көздерден: ашық ақпараттық және ақпараттық-талдау порталдарынан, министрліктер мен ведомстволардың ресми веб-сайттарынан, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми веб-сайттарынан алынатын ақпаратқа күнделікті мониторинг жүргізу; ақпарат алаңының, бәсекелес ақпарат агенттіктердің және басқа да БАҚ-тың күнделікті мониторингін жүргізу; арнайы тілшілер мен аналитектерден келіп түсетін ақпаратты қабылдау, іріктеу, талдау және өңдеу; портал сайтында ақпарат қою; ақпараттық-талдамалық материалдарды, оның ішінде мемлекеттік тапсырма шеңберінде ұйымдастыру, жазу, редакциялау және жариялау; мәтіндерді (пресс-релиздер, авторлық мақалалар) іздеу, жинау және редакциялау; порталдың электрондық поштасы мен телефонына келіп түсетін ақпарат ағынын (материалдар, пресс-релиздер, хабарламалар және т. б.) қарау, талдау және редакциялау; Порталда жарияланатын ақпараттың мәтінін тиісінше ресімдеу, сондай-ақ грамматикалық және пунктуациялық қателіктерге жол бермеу мақсатында тексеру, авторлық материалдар бойынша бірегейліктің болмауын қадағалау. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Тілші лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет және өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын тұлға тағайындалады. | Обязанности: «Еl.kz» АА контентін толтыру үшін медиа-жоспарлар дайындау; ақпарат алаңының, бәсекелес ақпарат агенттіктердің және басқа да БАҚ-тың күнделікті мониторингін жүргізу; ақпарат агенттікті жедел ақпаратпен және басқа материалдармен қамтамасыз ету, өзінің жарияланымдарын дайындау; оқиғаларды жариялау үшін оқиға орындарына бару, белгіленген жағдайларда аккредитация алу, оқиғалар болған жерлерде жедел ақпарат жинау, жоспарланған сұхбаттарға сұрақтар дайындау, сұхбаттасушылармен кездесіп, сұхбат алу; Жиналған ақпаратты зерттеу, материалдарды өңдеу, оларды сұхбат, жарияланым, белгілі бір тақырып бойынша түсініктемелер түрінде ұсыну, очерктер, мақалалар дайындау; мәтіндерді (пресс-релиздер, авторлық мақалалар) редакциялау; жарияланатын материалдарды интернетте ілгерілету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру (тегтеу, гиперсілтемелер, тарату, сюжеттерді таңдау, мультимедиа). Алынған ақпараттың бастапқы дереккөзі мен дұрыстығын тексеру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың өзге де талаптарын орындау. | Условия: Бос жұмыс орны уақытша, негізгі қызметкер жұмыста болмаған кезеңде қабылданады. Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Маман лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын адам тағайындалады | Обязанности: Ақпаратты іздеу және жинау, мақалалар, фоторепортаждар жазу, бейне-контент құру, блиц-сауалнамалар жүргізу; арнайы материалдар, фоторепортаждар, блиц-сауалнамалар мен сұхбаттар жазу үшін іс-шаралар және мерейтой күндерін қадағалау; алынған ақпаратты және дайындалған материалдарды фактологиялық, синтаксистік, грамматикалық, пунктуациялық және басқа да қателіктерді анықтау үшін қайта тексеру; Сұхбат алушылармен сұхбаттасудың, әңгімелесудің және сөйлесудің мәтіндік, аудио және/немесе бейнежазбаларын сақтау; Оқиғалар мен іс-шараларды өткізу орнына, сондай-ақ редакцияның тапсырмасы бойынша іссапарларға бару | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Маман лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар адам жұмыс өтіліне талаптар қойылмай тағайындалады. | Обязанности: Сыртқы көздерден: ашық ақпараттық және ақпараттық-талдау порталдарынан, министрліктер мен ведомстволардың ресми веб-сайттарынан, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми веб-сайттарынан алынатын ақпаратқа күнделікті мониторинг жүргізу; өз тілшілері мен аналитиктерінен келіп түсетін ақпаратты талдау және өңдеу, оларды «Baq.kz» АА сайтына дайындап орналастыру; «Baq.kz» ақпараттық агенттігіне журналистік мәтін мен фотоматериалдарды қабылдау, іріктеу, талдау, өңдеу және жариялау | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Продюсер лауазымына әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, педагогика ғылымдары, өнер және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, өнер, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және БАҚ саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: «Baq.kz» АА жобаларында барлық мүдделі тараптардың қызметін үйлестіру; «Baq.kz» АА үшін жобаларды енгізу процесінде жұмыстар кешенін қажетті құралдармен қамтамасыз ете отырып, орындауды ұйымдастыру; «Baq.kz» АА ұсынған жобаларды іске асырудың орындылығын, олардың идеялық-көркемдік маңыздылығын негіздеу; «Baq.kz» АА ақпараттық-талдамалық материалдарын жинау және ұсыну; Спикерлерді, талдаушыларды, сарапшыларды іздестіріп, олардың «Baq.kz» АА жоспарланған жобаларына қатысуын қамтамасыз ету; түрлі әкімшілік, саяси, экономикалық, әлеуетті және қоғамдық құрылымдардың, спорттық және мәдени мекемелердің баспасөз орталықтарымен, жауапты тұлғаларымен үздіксіз байланыста болу; шығарылымды ақпараттық толтыру, ақпараттың сапасы мен жеделдігіне жауап беру; ақпаратты нақты мәліметтер мен есте қаларлық фактілерді қолдана отырып, тақырыпты толық ашу, презентация логикасын сақтай отырып, материалды талдау және қорытындылау үшін жауапты. | Условия: Бос жұмыс орны уақытша, негізгі қызметкер жұмыста болмаған кезеңде қабылданады. Бес күндік жұмыс аптасы. әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету басқармасының коммерциялық қызмет жөніндегі жетекші маманы лауазымына жоғары білімі бар (қоғаммен байланыс, менеджмент, экономика, халықаралық қатынастар, құқықтану, баспа ісі, журналистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, техника және технология, филология, гуманитарлық ғылымдар, маркетинг, ақпараттық жүйелер, туризм, пиар, жоғары технологиялар менеджменті), маркетинг пен сатуда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. | Обязанности: Қоғамның коммерциялық қызметін әзірлеуге және іске асыруға қатысу; ақпараттық өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізу; ақпараттық қызметтер нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізу, қосымша қаржыландыру жағдайында маркетингтік және статистикалық деректер негізінде ақпаратты талдау және өңдеу; клиенттердің ақпараттық дерекқорын құруды және жүргізуді қамтамасыз ету; ақпараттық өнімдер мен қызметтердің техникалық, ақпараттық және басқа да сипаттамаларын жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысу.; Ақпараттық өнімдер мен қызметтерді сату нәтижелері бойынша есептер жасау; жарнамалық қызметтер көрсету бойынша коммерциялық жобалар әзірлеу; жоспарланған көрсеткіштер мен нысаналы міндеттерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар әзірлеу. | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |
Требования: Ішкі аудитор лауазымына қаржы-экономикалық және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе аудит бойынша жоғары кәсіби білімі бар адам тағайындалады. Аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласында жұмыс тәжірибесі - кемінде 5 жыл. Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі - кемінде 2 жыл. Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы, Ішкі аудиторлар институты әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын білуі тиіс. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша актілерді білуі тиіс. Қосымша арнайы дайындық: ішкі аудит саласындағы дипломның (сертификаттың) және/немесе «ҚР аудиторы» біліктілік куәлігінің және/немесе ақпараттық жүйелер аудиторы сертификатының және/немесе Алқабилер сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы сертификатының және/немесе DipIFR сертификатының және/немесе халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының болуы қажет. Квазимемлекеттік сектордың ішкі аудитіндегі жұмыс тәжірибесіне басымдық беріледі. Түйіндемелерді info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберуге болады. | Обязанности: Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне бағалау жүргізу; Қоғам Басқармасы мүшелерінің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарының сақталуына тексеру жүргізу; Қаржы-шаруашылық қызметі бөлігінде Қоғамның стратегиялық мақсаттары шеңберінде алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қоғамның бөлімшелері қолданатын шараларды бағалау; Қабылданған корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу және оның орындалуы бойынша бағалау жүргізу, Қоғамның тиісті органдары мен бөлімшелерінің ішкі бақылауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат алу тиімділігін бағалау; белгіленген тәртіпте берілген Қызмет ұсынымдарын Қоғамның орындауын бақылауды жүзеге асыру | Условия: Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді. |