«Qazcontent» АҚ корпоративтік хатшы (бұдан әрі – Қоғам, корпоративтік хатшы) лауазымы 2020 жылғы қаңтарда Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен (2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 хаттама) бекітілді.
Корпоративтік хатшы – Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өз міндеттерін жүзеге асыратын Қоғамның қызметкері . Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және оның жұмысы туралы есеп береді.
Корпоративтік хатшының негізгі міндеті – Қоғамда қабылданған корпоративтік басқару тәжірибесін тиімді іске асыру. Корпоративтік хатшы өз қызметі шеңберінде Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысын дайындап, өткізуді бақылайды, Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысына күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды қамтамасыз етеді, олардың қолжетімділігін бақылауды жүргізеді.
Корпоративтік хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Корпоративтік басқару кодексін, Жарғыны, Қоғам органдарының шешімдерін, Қоғамның Корпоративтік хатшысы туралы ережені басшылыққа алады.
Директорлар кеңесі өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша корпоративтік дауды реттеуді де жүзеге асырады. Осыған байланысты Қоғамның корпоративтік хатшысына омбудсменнің міндеттері жүктелген.
Омбудсменнің рөлі оған жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларына, жанжалға қатысушыларға кеңес беру, оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды (оның ішінде құпиялылықты сақтауды) ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге ықпал ету, қызметкерлердің де, Қоғам мен ұйымның да проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге жәрдемдесу болып табылады..
Омбудсмен жұмысының негізгі қағидаттары – тәуелсіздік, бейтараптық, турашылдық, құпиялылық және бейресмилік.
2020 жылғы қаңтарда Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен (2020 жылғы 20 қаңтардағы №1 хаттама) Қоғамның корпоративтік хатшысы болып Гульназ Жолатовна Алина тағайындалды.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 4 шешімімен омбудсменнің функционалдық міндеттері корпоративтік хатшы Гульназ Жолатовна Алинаға жүктелді.
Байланыс деректері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр, 17.
Тел.: +7 (7172) 95-40-50 (1114)
Эл. пошта: g.alina@qcontent.kz
Қоғамның Іскерлік әдеп кодексін бұзу, корпоративтік даулар, сондай-ақ Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша +7 (7172) 95-40-50 (1114), сондай-ақ жазбаша өтінішті Ombudsman@qcontent.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Омбудсменге өтініш, сонымен қатар «Qazcontent» АҚ омбудсменіне, деген белгісі бар конвертте қағаз нұсқада Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 мекенжайы бойынша жолдауға болады.