Правление
Айна Задабеқызы Задабек
Басқарма төрағасы
Айна Задабек Шығыс Қазақстан облысында туған.
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университетінің филология факультеті журналист мамандығын бітірген; Орталық Азия Инновациялық Университеті, құқықтану мамандығы бойынша бакалавр, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясының тележүргізушісі, журналист ретінде бастады, сондай-ақ «Қазақстан» ҰТК, Астана ТВ, «7» арна және «Эра» республикалық арналарында жұмыс істеді.
Ұзақ жылдар бойы Астана қаласындағы Қазақстандық баспасөз клубы өкілдігінің басшысы болып жұмыс істеді.
«Airport Management Group» ЖШС және «KTZ Express» АҚ PR-менеджері болып жұмыс істеді және көптеген халықаралық жобалардың ақпараттық орталықтарының жетекшісі болды.
2016 жылдан бастап «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ-да қоғам және БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша басшылық қызметті атқарды.
2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы.