Қызыл бағыт

Қызыл бағыт

Құрметті қызметкерлер, әріптестер!

Қоғам қызметінің сенімділік деңгейін және ашықтығын арттыру мақсатында Қоғам қызметкерлерінен, Қоғаммен өзара іс-қимыл жасайтын үшінші тұлғалардан (клиенттер, контрагенттер және өзге де мүдделі тұлғалардан) өтініштерді қабылдау үшін арнайы жедел желінің іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз.
Жедел желі:
Корпоративтік этиканы бұзу;
Заңнамалық нормаларды сақтамау;
Мүдделер қақтығысы;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туындаған жағдайда құпия түрде хабарлауға мүмкіндік береді.
Қалай жұмыс істейді:
1. Сіз өз өтінішіңізді тәуелсіз директордың qazcontentwb@mail.kz адресіне тікелей жібересіз
2. Тәуелсіз директор Сіздің өтінішіңізді қарастырады және жіберушінің құпия сақталуына кепілдік бере отырып, оны әрі қарай әрекет ету үшін комплаенс-офицерге тапсырады.
Қоғам қызметкерлері тарапынан қудалау немесе қысым көрсетудің алдын алу мақсатында Сіздің өтінішіңіздің құпиялылығын толық сақтауға кепілдік береміз.
Біз үшін қызмет барысындағы ашықтықтың жоғары стандартын қолдап, этикалық норманы сақтауға қосқан үлесіңіз өте маңызды.

Бейжайлық танытпай, қолдау көрсеткеніңізге алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
«Qazcontent» АҚ тәуелсіз директорлары