26.07.2024

АҚ «Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 9 августа дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

«El.kz» ақпараттық агенттіне бейнеподкасттарды жасау және насихаттау  қызметтерінің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

  1. ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:

«El.kz» интернет портал үшін мультимедиалық контентті дайындау және жариялау: # PodkastTime

Материалға қойылатын негізгі талаптар:

  • материалда арнайы техниканы (тұрақтандырғыш, коптер) пайдалана отырып, бас тақырып, титрлер, 2 немесе 3D графика және басқа да эффектер болуы тиіс;
  • жобаны іске асыру шеңберінде шынайы ақпаратты (фактілерді, сандарды, болжамдарды) қамтитын материалдарды дайындау;
  • тапсырыс берушінің жобаны іске асыратын тақырыптар мен спикерлердің тізімін жұмыс тәртібінде дайындау және бекіту;
  • осы Шарт шеңберіндегі материалдар бұрын еш жерде жарияланбауы тиіс;
  • әрбір материал сапалы бейнемен сүйемелденуі керек;
  • бейнематериалды визуалды өңдеу (түстерді түзету);
  • жобаның контенін ілгерілету түрінде әлеуметтік желілерде орналастыру үшін қосымша бейне дайындау.

Қызмет көрсету кезінде мынадай мазмұндағы контентті (материалдарды) орналастыруға тыйым салынады:

  • жобаға қатысы жоқ кез-келген компанияның, сайттың жарнамалық сипаттағы материалдары;
  • үшінші тұлғалардың адамгершілігіне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне қатер төндіретін, қорлайтын материалдар;
  • порнографиялық сипаттағы материалдар;
  • нәсілдік, этникалық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша адамдарды жек көруді және/немесе кемсітуді насихаттайтын, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық алауыздықты қоздыруға ықпал ететін, зорлық-зомбылық немесе жануарларға адамгершілікке жатпайтын әрекеттер көрінісін қамтитын материалдар және т. б.

 

  1. ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ НЫСАНЫ

Жұмыстар аяқталғаннан, қызметтер көрсетілгеннен кейін Орындаушы есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей орындалған қызмет туралы есепті қағаз және электрондық нұсқада тапсыруға міндетті.

Орындаушының тиісті қызмет көрсеткенін растайтын құжаттар – Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі және тараптар қол қойған қағаз нұсқада, электрондық жеткізгіштерде көрсетілген қызметтер туралы есеп.

Орындаушы Тапсырыс берушінің талаптары мен ескертулеріне сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет көрсету туралы есепті аяқтауға міндетті.

  

  1. ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰРАМЫНА,

МЕРЗІМДЕРІ МЕН МӘНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Көрсетілетін қызмет атауы Бейнеподкастқа қойылатын талаптар Орналастыру және ілгерлету талаптары Хронометраж Қызмет құны ҚҚС-сыз (1 по дкаст) Көрсетілетін қызмет саны   Орындалу мерзімі
1. Бейнеподкасттарды жасау және насихаттау . Қазақстан мен қазақстандықтарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты елде және әлемде болып жатқан негізгі оқиғаларды түсіндіру;

– қоғамдағы түрлі өзекті және проблемалық мәселелер мен жағдайлар талқыланатын алаң;

– бейнеподкасттың әрбір шығарылымы өмірлік шындықты көрсететін және қоғамдық қызығушылықты білдіретін өзекті мәселелерге арналуы тиіс;

 

YouTube бейне хостингінде бейне подкастты орналастыру.

Арнаға қойылатын талап – кемінде 5000 жазылушы.

Ілгерлету  талаптары:

-2 түрлі әлеуметтік желілерде және кемінде:

Instagram -30 000 жазылушы;

Facebook -5000 жазылушы;

TikTok -5000 жазылушы;

Telegram-2000 жазылушы  аудиториясы бар (Facebook, Instagram, Telegram, TikTok) мессенджерде бір бейне подкасттың хабарландыруын жариялау.

Бұл ретте бір бейне подкасттың анонстары кемінде үш топқа/пабликтерге/аккаунттарға/арналарға, ілгерілетілетін әлеуметтік желіге немесе мессенджерге орналастырылады.

10 минуттан кем емес Барлығы 34 подкаст  2024 жылдың 30 қарашасына  дейін

 

 

  1. ОРЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ
  1. бейне, аудиоматериалдар, сұхбаттар дайындау үшін қажетті біліктіліктің болуы;
  2. контент өз өндірісінің өнімі болуы тиіс.

 

           

  1. ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Қызмет көрсету нәтижелері осы техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімде және нысанда ұсынылуға тиіс.

Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін өнімге барлық құқықтар Тапсырыс берушіге беріледі.