02.05.2025

Итоги по заявкам от потенциальных поставщиков от 02.05.2025г.

  «Qazcontent» АҚ  мультимедиалық жобалар жөніндегі

Көркемдік кеңесі отырысының

  № 5 ХАТТАМАСЫ

 

Өткізілген күні мен уақыты: 02.05.2025ж. сағат 11:00

Төрағасы: Ы.Қ.Сағымбеков

Хатшы: А.Б. Алпысбай

Қатысушылар: Ы.Қ.Сағымбеков, А.Хумарзак, А.Д.Избаев, Г.Ж.Билялова, Ы.Ожай, Г.Ж.Айтказина, Р.М.Омаров.

Қатыспағандар: Ж.М. Смайлов, С.С. Тоқбай

 

Күн тәртібінде

  1. Көркемдік кеңестің хатшысын сайлау
  2. El.kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру және өнім берушіні таңдау.

 

Тыңдалды

Бірінші сұрақ бойынша:

Ы.Қ.Сағымбеков: Бүгінгі көркемдік кеңес отырысының хатшысы етіп El.kz АА үйлестірушісі А.Б. Алпысбайды сайлауды ұсынамын.

Дауыс беру нәтижесі:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

Хатшы сайлау туралы шешім бірауыздан қабылданды!

Екінші сұрақ бойынша:

El.kz ақпарат агенттігіне келген ұсыныстарды қарастыру және өнім берушілерді таңдау бойынша  El.kz АА бас редакторының орынбасары Р.Омаров сөз алды:

  • Үш компаниядан ұсыныс келіп түсті. Үшеуінде де концепция, коммерциялық ұсыныс, компанияны растаушы құжаттары бар. Ұсынылғандар:

 

  1. AiMedia жобалық атауы «Ауылым алтын бесігім» атты репортаждар циклін ұсынып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін бір шығарылым құнын 1 991 500 деп бағалаған.

 

  1. ИП «Күн» Примбетова Гулжанат Оразалиевна» жобалық атауы «Made in KZ» деп аталатын документалды арнайы репортаждар циклін ұсынып отыр. Бір шығарылымды түсіру құнын 1 500 000 теңге деп көрсетіпті.

 

  1. ЖК «Infinity» жобалық атауы «Арнай репортаж» деп аталатын репортаждар циклін ұсынған. Бір шығарылым шығынын 1 950 000 теңге деп көрсеткен.

 

Концепцияларын назарларыңызға ұсынамыз.

Құжаттары бойынша, ЖК  «Infinity» керек құжаттарды толық жібермеген.

Енді бағасына назар аударсаңыздар. Ұсынылған бағалар ішінде ИП «Күн» Примбетова Гулжанат Оразалиевна» ұсынған баға біздің талапқа сай келеді.

Қалған екеуінің соммасы тым жоғары. Яғни, салыстырмалы түрде ИП «Күн»  ұсынған баға мен идеясы  редакцияны қызықтырып отыр. Қорыта айтқанда біріншіден суммасы, екіншіден жарияланым талабына сай – отандық өндірушілер мен отандық тауар туралы жоба, үшіншіден құжаттары талапқа сай келеді. Осы ұсынысқа қатысты пікір білдіріп, дауыс берулеріңізді сұраймын.

Г.Билялова қай тілде түсірілетіні және уақыты бойынша сұрақ қойды.

Р.Омаров: Кемінде 20 минуттан аз емес және редакция таңдаған тілде түсіріледі.

Г.Билялова: Продвижение талаптары бар ма?

Р.Омаров: Талап бойынша әлеуметтік желі арқылы  инстаграм, телеграм, фейсбук, ютуб арқылы алға жылжытып отырады. Талап бойынша, 10 мың қаралым жинауы керек. Оларда бәрі ішіне кіреді, сомма өзгермейді. Аптасына 5 шығарылымнан кем емес шығарылады. Тақырыпты бізге ұсынады, басшылық бекітетін болады.

Хұмырзақ ілгерілету кезінде тапсырыс беруші тараптың әлеуметтік желі парақшаларымен колоббарация жасауды ұсынды.

Төраға Ы.Сағымбеков барлығы заңға, ережеге сай келуі тиістігін ескертті. Қай компания жеңсе де техникалық талаптарды сақтау жағын қадағалау керек деді.

 

Көркемдік кеңес мүшелері ҰСЫНАДЫ

«ИП «Күн» Примбетова Гулжанат Оразалиевна» ұсынып отырған «Made in KZ» жобасына

 

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«Келісемін»  – 7

«Қарсымын»  – 0

«Қалыс қалды» – 0

 

Өнім берушіні таңдау туралы шешім бірауыздан қабылданды!

АТЫ-ЖӨНІ «КЕЛІСЕМІН» «ҚАРСЫМЫН» «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»
Ы.Қ. Сағымбеков      
Ж.М.Смайлов      
С.С. Тоқбай      
Г.Ж. Билялова
Е.Н. Айтказина
Ы. Ожай
А. Хумарзах
А.Д. Избаев
Р.М. Омаров

 

Көркемдік кеңес хатшысы: А.Алпысбай