22.02.2024

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатын жүргізу бойынша қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында әлеуетті өнім берушілерден мультимедиалық жобаларға шығармашылық өтінімдер қабылдайды.

Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ офисі

Телефоны: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінімді қабылдау күні: 2024 жылғы 10 наурызға дейін

Қызмет: «BaigeNews.kz» ақпарат агенттігі үшін аналитикалық бағдарлама құру

Қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар:

құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпауы;

– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалды-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);

– қабылданған міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызметтердің құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажет қолдар қойылуы, күні, мөртабаны мен мөрі көрсетілуі, қандай да болмасын өшірулер, қатені дұрыстаулар, түзетулер жүргізілмеуі, дұрыстығына ешқандай күмән туындамауы керек.

Жоба Тілі Қойылатын талаптар Жалпы көлемі
«BaigeNews.kz» ақпарат агенттігі үшін аналитикалық бағдарлама құру рус Талаптар:

– әр материалдың сапалы бейнеролигі болуы керек;

– мемлекеттік ақпарат саясатының материалдарына сәйкестігі;

– материалдарды өздері шығаруы керек;

– барлық материалдар бірегей болуы керек;

– хронометраж – кемінде 5 минут;

– ссонымен қатар әлеуметтік желілерде орналастыру үшін әр бағдарламадан екі қысқа бейнеролик дайындау қажет. Бір қысқа роликтің хронометражы – 50 секундтан кем емес, ажыратымдылығы кемінде 720px болатын 9×16 формат;

– BaigeNews.kz. порталының Youtube-каналында орналастырылған әрбір бағдарлама бойынша қаралымдарды (кемінде 2 000 қаралым) қамтамасыз етуі керек

34 бағдарлама