«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды
Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі
Телефон: +7 7172 95-40-50
E-mail: info@qcontent.kz
Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 5 наурыз 18:00 дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– құқықтық қабілеттілігінің болуы;
– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;
– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;
– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;
– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.
«El.kz» ақпараттық агенттіне мультимедиалық контент
өндіру және сатып алу қызметтерінің
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
«El.kz» интернет портал үшін мультимедиалық контентті дайындау және жариялау:
Материалға қойылатын негізгі талаптар:
Қызмет көрсету кезінде мынадай мазмұндағы контентті (материалдарды) орналастыруға тыйым салынады:
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ НЫСАНЫ
Жұмыстар аяқталғаннан, қызметтер көрсетілгеннен кейін Орындаушы есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей орындалған қызмет туралы есепті қағаз және электрондық нұсқада тапсыруға міндетті.
Орындаушының тиісті қызмет көрсеткенін растайтын құжаттар – Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі және тараптар қол қойған қағаз нұсқада, электрондық жеткізгіштерде көрсетілген қызметтер туралы есеп.
Орындаушы Тапсырыс берушінің талаптары мен ескертулеріне сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет көрсету туралы есепті аяқтауға міндетті.
ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰРАМЫНА,
МЕРЗІМДЕРІ МЕН МӘНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
№ | Көрсетілетін қызмет атауы | Мазмұнына қойылатын талаптар | Орналастыру және ілгерлету талаптары | Хронометраж | Қызмет құны ҚҚС-сыз (1 минуты) | Көрсетілетін қызмет саны | Орындалу мерзімі |
1. | Қоғам порталдарында және әлеуметтік желілерде мультимедиалық контент орналастыру | Қоғамда айтар ойы бар әр салада жетістікке жеткен белгілі тұлғалармен жеке сұқбат. | Сұқбат El.kz порталының Youtube-тегі арнасында жүктеледі. Порталдың әлеуметтік желідегі парақшалары үшін сұхбаттың әр шығарылымынан 4-5 үзінді бейнеролик әзірлеу. | 44 минут (жалпы 1056 минут) | Айына 5 сұқбаттан кем емес (жалпы 24 сұқбат) | 2024 жылдың 30 қарашасына дейін |
ОРЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ
ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қызмет көрсету нәтижелері осы техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімде және нысанда ұсынылуға тиіс.
Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін өнімге барлық құқықтар Тапсырыс берушіге беріледі. Төлем техникалық ерекшелікте көрсетілген көлемге ғана төленеді, тіпті бағдарламаларын ұзақтығы берілген уақыттан көп болса – оған қосымша төленбейді.