04.04.2024

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

Телефон: +7 7172 95-40-50

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 18 сәуірге дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

«El.kz» ақпараттық агенттіне мультимедиалық контент өндіру және сатып алу қызметтерінің 

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қызметтердің қысқаша сипаттамасы:

«El.kz» интернет портал үшін мультимедиалық контентті дайындау және жариялау:

Материалға қойылатын негізгі талаптар:

  1. материалда арнайы техниканы (тұрақтандырғыш, коптер) пайдалана отырып, бас тақырып, титрлер, 2 немесе 3D графика және басқа да эффектер болуы тиіс;
  2. жобаны іске асыру шеңберінде шынайы ақпаратты (фактілерді, сандарды, болжамдарды) қамтитын материалдарды дайындау;
  3. тапсырыс берушінің жобаны іске асыратын тақырыптар мен спикерлердің тізімін жұмыс тәртібінде дайындау және бекіту;
  4. осы Шарт шеңберіндегі материалдар бұрын еш жерде жарияланбауы тиіс;
  5. әрбір материал сапалы бейнемен сүйемелденуі керек;
  6. бейнематериалды визуалды өңдеу (түстерді түзету);
  7. жобаның контенін ілгерілету түрінде әлеуметтік желілерде орналастыру үшін қосымша бейне дайындау.

Қызмет көрсету кезінде мынадай мазмұндағы контентті (материалдарды) орналастыруға тыйым салынады:

  • жобаға қатысы жоқ кез-келген компанияның, сайттың жарнамалық сипаттағы материалдары;
  • үшінші тұлғалардың адамгершілігіне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне қатер төндіретін, қорлайтын материалдар;
  • порнографиялық сипаттағы материалдар;
  • нәсілдік, этникалық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша адамдарды жек көруді және/немесе кемсітуді насихаттайтын, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық алауыздықты қоздыруға ықпал ететін, зорлық-зомбылық немесе жануарларға адамгершілікке жатпайтын әрекеттер көрінісін қамтитын материалдар және т. б.

 

ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ НЫСАНЫ

Жұмыстар аяқталғаннан, қызметтер көрсетілгеннен кейін Орындаушы есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей орындалған қызмет туралы есепті қағаз және электрондық нұсқада тапсыруға міндетті.

Орындаушының тиісті қызмет көрсеткенін растайтын құжаттар – Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі және тараптар қол қойған қағаз нұсқада, электрондық жеткізгіштерде көрсетілген қызметтер туралы есеп.

Орындаушы Тапсырыс берушінің талаптары мен ескертулеріне сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет көрсету туралы есепті аяқтауға міндетті.

  

ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ  ҚҰРАМЫНА, МЕРЗІМДЕРІ МЕН МӘНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

– формат – реформаларды іске асыру контекстендегі өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тақырыптарды талдауға арналған бейнебағдарлама;

– ұлттық жобаларды немесе мәдениет, спорт, жастар саясатын және отандық кәсіпкерлікті дамытуды жария ету;

– репортаждық түсірілім;

– бейнебағдарламаның сюжеті тақырыбы бойынша тәжірибесі бар сарапшының және/немесе маманның кемінде 2 түсініктемесі;

– әрбір бейнебағдарламаны инфографикамен және аналитикалық құрамдас бөлікпен сүйемелдеу

– сапалы дыбыс;

– субтитрлердің болуы (аудармасы қазақ тілінде);

– уақыт – кемінде 20 минут;

– тіл – қазақ немесе орыс.

Youtube бейнехостингінде бейнебағдарламаларды орналастыру:

Талаптар:

– үшінші тараптың аккаунты және Қоғам Youtube видеохостингінде орналастыру;

– кем дегінде 5 000 жазылушы;

– әрбір бейнебағдарламаның кемінде 10 000 қаралуы.

Жылжыту талаптар:

– әрбір бейнебағдарламаның хабарландыруын кемінде 2 түрлі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде (Facebook, Instagram, TikTok, Telegram) орналастыру;

– әрбір бейнебағдарламаның хабарландыруын топтарда/пабликтерде, әлеуметтік желілердегі аккаунтарда аудиториясы кемінде:

Instagram – кем дегінде 50 000 жазылушы;

Facebook – кем дегінде 20 000 жазылушы;

TikTok – кем дегінде 50 000 жазылушы;

Telegram – кем дегінде 4 000 жазылушы;

– бұл ретте бір бейнебағдарламаның анонстары кемінде үш топқа/пабликтерге/аккаунттарға/арналарға, ілгерілетілетін әлеуметтік желіге немесе мессенджерге орналастырылады.

  

ОРЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ

  • бейне, аудиоматериалдар, сұхбаттар дайындау үшін қажетті біліктіліктің болуы;
  • контент өз өндірісінің өнімі болуы тиіс.

 

            ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Қызмет көрсету нәтижелері осы техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімде және нысанда ұсынылуға тиіс.

Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін өнімге барлық құқықтар Тапсырыс берушіге беріледі.