«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.
Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі
Телефон: +7 7172 95-40-50
E-mail: info@qcontent.kz
Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 1 наурыз 18:00 дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– құқықтық қабілеттілігінің болуы;
– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;
– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;
– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;
– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.
«BAQ.KZ» ақпарат агенттігіне мультимедиялық контентті өндіру және сатып алу бойынша қызметті ұсыну: «Әдемі» – мансап жолында отбасылық өмірді әдемі үйлестіре білген, үлкен жетістікке жете алған нәзік жандылар туралы подкаст жоба.
Өнімге қойылатын негізгі талаптар:
1.Контентте (материалда) шапкасы, титры 3 немесе 4D графикасы және арнайы жабдықты (тұрақтандырғыш, коптер, go-pro камерасы) пайдаланатын басқа әсерлер болуы керек;
5. Осы келісім бойынша материалдар бұрын еш жерде жарияланбауы керек. Контент орындаушының өз өнімі болуы шарт.
7.Промо-ролик дайындау, қаптама сурет (превью) және әлеуметтік желілер мен видеохостингте жариялау мен одан әрі ілгерілету үшін сапаттама жазу;
8.Орындаушы әр шығарылымға 1 минуттық промо-ролик пен JPEG 16/9 форматындағы превью ұсынуы керек;
11. Жарияланар алдында әрбір шығарылымның мазмұны бойынша шортс/рилс мен тайм-код сипаттамасы берілуі тиіс.