29.09.2023

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2023 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

 

Телефон: +7 7172 95-40-50

 

E-mail: info@qcontent.kz

 

Өтінім қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 9 қазанға дейін

 

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

Жоба

Жанр

 

Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы Тілі Негізгі талаптар Хроно (кемінде мин) Жалпы шығарылым саны
 

RUH.KZ

танымдық видео-шолу

 

«Ruh.kz» ақпараттық-танымдық порталы 25 бөлімді видео-шолу қабылдайды

 

Жоба мазмұнында:

1. Жобаның жалпы хронометражы 75 мин болу керек. Жобадағы әр шығарылымның хронометражы 3 минуттан кем емес. Барлығы 25 шығарылым.

2. 25 бөлім әртүрлі тұлғалардың еңбегін қамту керек;

3. Шолуды арнайы бекітілген жүргізуші жүргізеді немесе бейне және графикамен толықтырылады немесе оқиғалар актерлық ойын және режиссерлік шешім арқылы берілуі тиіс;

 

 

қазақша

Контентке (материалдарға) қойылатын негізгі талаптар:

1. Жобаны жүзеге асыру аясында сенімді ақпарат фактілер, тарихи құжаттар мен көне кітаптар негізінде жасалған материалдар болу керек.

2. Бағдарламаның тақырыбы мен кейіпкерлерінің тізімін тапсырыс берушіден бекітіп алу;

3. Контенттің (материалдардың) бірегейлігі;

4. Осы келісім шарт аясында жасалған контент (материалдар) бұған дейін басқа бір жерде жарияланған болмауы керек.

5. Сапалы дыбыс пен видео;

6. Әр шығарылымға әлеуметтік желілерде жариялау мен одан әрі ілгерілету үшін сипаттама жазу;

7. Видеороликтер HD форматындағы кем дегенде 2 видеокамерамен түсірілу керек.

8. Жарнама талаптары:

– (Facebook, Telegram) 25 видеороликтен дайындалып жалпылама жасалған 1 анонсты (хабарландыру) кемінде 2 түрлі әлеуметтік желілерде орналастыру;
– 25 видеороликтен дайындалған бір анонсты топтарда/жұртшылықта, аудиториясы кемінде әлеуметтік желілердегі аккаунттарда орналастыру:
Facebook-кем дегенде 50 000 жазылушы;
Telegram-кем дегенде 4000 жазылушы;
– бұл ретте анонсты кемінде үш топқа ілгерілетілетін әлеуметтік желіге орналастыру;

 

 

Барлығы – 75 мин

(Әр бөлімі 3 мин кем емес)

 

25 бөлім