«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2023 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды
Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі
Телефон: +7 7172 95-40-50
E-mail: info@qcontent.kz
Өтінім қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 16 маусымға дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– құқықтық қабілеттілігінің болуы;
– республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
– банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
– міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.
Жоба |
Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы |
Тілі |
Негізгі талаптар |
Хронометраж (кемінде) |
Жалпы шығарылым саны |
Қоғам порталдарында және әлеуметтік желілерде экономика тақырыбында сараптамалық мультимедиялық контент орналастыру | Отандық ақпараттық кеңістікте қазақ тіліндеге қаржылық, экономикалық сараптамалық контент | Қаз | Талаптар:
-Қоғам порталдарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған бейнематериалдар; – мемлекеттік ақпараттық саясатқа материалдардың сәйкестігі; – материалдар өз өндірісінен болуы керек; – барлық материалдар бірегей болуы керек; – жұмыс уақыты кем дегенде 20 минут. Ілгерілету талаптары: Жарияланған шығарылымды сілтемемен аккаунттарда/пабликтерде орналастыру. Facebook – кемінде 20 000 жазылушы (1 аккаунт); Instagram – кемінде 20 000 жазылушы (1 аккаунт). |
20 минут |
300 мин |