Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі
Телефон: +7 7172 95-40-50
E-mail: info@qcontent.kz
Өтінім қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 12 мамыр дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– құқықтық қабілеттілігінің болуы;
– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;
– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;
– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;
– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.
Жоба
Жанр |
Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы | Тілі | Негізгі талаптар | Хроно (кемінде мин) | Жалпы шығарылым саны |
Қоғам порталдарында және әлеуметтік желілерде мультимедиялық контент орналастыру | Қоғамның порталдарында және әлеуметтік желілерде мультимедиалық контентті құру және орналастыру | орыс | Талаптар:
-Қоғам порталдарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған бейнематериалдар; – мемлекеттік ақпараттық саясатқа материалдардың сәйкестігі; – материалдар өз өндірісінен болуы керек; – барлық материалдар бірегей болуы керек; – жұмыс уақыты кем дегенде 1 минут. |
1 мин |
600 мин |