
«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2022 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды
Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі
Телефон: +7 7172 95-40-50
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 7 желтоқсанға дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
– құқықтық қабілеттілігінің болуы;
– республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
– банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
– міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.
Проект |
Тілі |
Негізгі талаптар |
Жалпы саны |
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер
|
Қаз\орыс |
Әлеуметтік желілер мен мессенджер парақшаларында (Facebook, Instagram, Telegram) бейтарап-жағымды посттар мен ақпараттық-түсіндіру хабарламаларын жасау және орналастыру. Қойылатын талаптар: - бір жалған ақпарат бір рет, бір материалмен теріске шығарылуға тиіс. Бұл ретте бұрын терістелген жалған ақпараттың бір бөлігін немесе тұтастай пайдалануға болмайды - әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде жалған ақпараттың жарияланғанын растайтын (сілтеме-скриншот) деректің болуы; - материалдар бірегей болуға тиіс; - материал әлеуметтік желілерде екі түрлі алаңда орналастырылуға тиіс. Бұл ретте, ақы материал тек бір алаңда орналастырылғаны үшін төленеді; - жалған ақпарат пен оны терістеген ақпараттың тілі – қазақша немесе орысша; Орналастыруға қойылатын талаптар: - Материалдар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде немесе Telegram мессенджеріндегі ірі аккаунттарда, пабликтерде, топтарда орналастырылуға тиіс. - Жоғарыда аталған әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны Facebook – кемінде 14 000; Instagram – кемінде 70 000; Telegram – кемінде 4 000 жазылушы болуға тиіс.
|
134 |