
«Қазақпарат» ХАА» акционерлік қоғамы интернет желісінде мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау аясында интернет-ресурстарды ақылы түрде насихаттауға коммерциялық ұсыныс қабылдайды.
Өтінімді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 11 мамырына дейін
Мекен жай: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр к-сі 17, 6-қабат. Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Байланыс нөмір: 8(7172) 95-40-52, 8(7172) 95-40-67
Мақсаттар мен міндеттер
- Қоғамға қарасты интернет ресурстардың танымалдылығын арттыру:
www.baigenews.kz – ақпараттық-талдамалық портал
www.baq.kz – ақпараттық талдамалық портал
www.el.kz - ақпараттық-танымдық портал
www.adebiportal.kz – әдеби портал
www.e-history.kz - «Қазақстан тарихы» порталы
- Сайтқа бірегей келушілердің санын былтырғы жылмен салыстырғанда кемінде 20% арттыру;
- Әлеуметтік желілердегі жазылушылар санын былтырғы жылмен салыстырғанда кемінде 20% арттыру;
- Интернет-ресурстардың Youtube-арнасындағы мультимедиалық контенттің қаралым санын арттыру.
Қызмет атауы |
Өлшем бірлігі |
Бағасы |
Ай сайынғы саны |
Ай сайынғы құны |
Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы таргет |
1 өту (СPC) |
|
800 000 |
|
Youtube –те видежарнама (Instream) |
1 қарылым (CPV) |
|
800 000 |
|
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
- құқықтық қабілеттілігінің болуы;
- республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
- банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
- жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
- ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
- міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
- қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы.
- ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы;
- барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.