ЖАҢАЛЫҚТАР

Елдос Наширали «ҚазАқпарат» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы бұйрығымен Елдос Наширали «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Елдос Наширали «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, төраға орынбасарының міндетін атқарушы болған.
Ақпарат агенттігінің жаңа төрағасын ұжымға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев таныстырды.