«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2023 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

 

Телефон: +7 7172 95-40-50

 

E-mail: info@qcontent.kz

 

Өтінім қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 17 сәуірге дейін

 

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, егер жалға алынған болса, жалдау шартын қоса беруге және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) және еңбек ресурстарының (қажет болған жағдайда еңбек шартын немесе өтеулі қызметтер көрсету шартын қоса беру) болуы міндетті;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

Жоба

Жанр

Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы Тілі Негізгі талаптар Хроно (кемінде мин) Жалпы шығарылым саны
BAQ.KZ
Мемлекеттік қолдаудың бастамалары мен шараларын түсіндіретін жоба  

реформаларды іске асыру контекстіндегі өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тақырыптарды талдауға арналған бейне бағдарлама

қаз Талаптар:

– әр бейне бағдарламада ұлттық жобалар тақырыбын жариялау;

– бір бейне бағдарламада кемінде 2 сарапшының түсініктемелерінің болуы;

– әрбір бейнебағдарламаны инфографикамен және аналитикалық құрамдас бөлікпен сүйемелдеу;

– сапалы дыбыс;

– субтитрлердің болуы (қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы);

Орналастыру талаптары:

– мамандандырылған YouTube бейне хостинг аккаунтына орналастыру;

– кем дегенде 5000 жазылушы;

– есепті кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір бейнебағдарламаның 10 000-нан кем емес қаралуы.

Жылжыту талаптары:

-Facebook, Instagram, Telegram)әр бейне бағдарламаның хабарландыруын кемінде 2 түрлі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде орналастыру;

– әрбір бейнебағдарламаның анонсын топтарда/жұртшылықта, аудиториясы кемінде әлеуметтік желілердегі аккаунттарда орналастыру:

Instagram-кем дегенде 50 000 жазылушы;

Facebook-кем дегенде 20 000 жазылушы;

Telegram-кем дегенде 4000 жазылушы;

– бұл ретте бір бейнебағдарламаның анонстары кемінде үш топқа/пабликтерге/аккаунттарға/арналарға, ілгерілетілетін әлеуметтік желіге немесе мессенджерге орналастырылады.

20 минут 30
E-HISTORY.KZ
танымдық бағдарлама «Қазақстан тарихы» интернет-жобасы 2 (екі) мультимедиалық жоба қабылдайды.

 

Жоба мазмұнында:

1) Таңдап алынған тақырыптың негізгі идеясы (лейтмотиві) туралы ақпарат беріледі;

2) Тақырыпқа арқау болған объекті (автор, кейіпкер, кітап, оқиға т.б.) туралы сюжет, рецензия немесе оқырман пікірі беріледі;

3) Тақырыпқа арқау болған объектіге қатысты аудиоүзінді, хроникалық видео ұсынылады.

4) Бардарлама да Қазақстанның 17 облысы мен 3 ресаубликалық маңызы бар қаланың тарихы мен қазіргі келбетін ашып көрсететін танымдық-сараптамалық бағдарлама болса.

5) Астана қаласындағы есімдері көше атына берілген тұлғалар туралы видеосюжеттік бағдарлама болса.

Қазақша – Материалға шапка, титр, 2 не 3D форматтағы графика,  моушн-дизайн элементтерін қосу;

– студиялық түсірілім (циклорама, хромокей);

– 3 камералы түсірілім;

–  материалды дайындау кезінде пайдаланылған ақпараттың дұрыстығы (деректер, сандар, болжамдар);

– тақырыптар мен бағдарлама кейіпкерлерін әзірлеп, Тапсырыс берушімен келісу;

-материалдың бірегей болуы;

– сапалы бейне және дыбыс;

– материалды визуалды өңдеу (түс коррекциясы);

–   әлеуметтік желіде, бейнехостинге орналастырып, одан әрі насихаттау үшін  шағын промо-ролик, превью, мұқаба және сипаттама дайындау;

20+17,5 750

(Барлығы 20+20 шығарылым)