«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2022 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды

«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2022 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты  жүргізу бойынша  мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды

 

 

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ кеңсесі

 

Телефон: +7 7172 95-40-50

 

E-mail: info@qcontent.kz

 

Өтінім қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 7 желтоқсанға дейін

 

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;

– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);

– міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

 

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.

Проект Тілі Негізгі талаптар Жалпы саны
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер

 

 

Қаз\орыс Әлеуметтік желілер мен мессенджер парақшаларында (Facebook, Instagram, Telegram) бейтарап-жағымды посттар мен ақпараттық-түсіндіру хабарламаларын жасау және орналастыру.

Қойылатын талаптар:

– бір жалған ақпарат бір рет, бір материалмен теріске шығарылуға тиіс. Бұл ретте бұрын терістелген жалған ақпараттың бір бөлігін немесе тұтастай пайдалануға болмайды

– әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде жалған ақпараттың жарияланғанын растайтын (сілтеме-скриншот) деректің болуы;

– материалдар бірегей болуға тиіс;

– материал әлеуметтік желілерде екі түрлі алаңда орналастырылуға тиіс. Бұл ретте, ақы материал тек бір алаңда орналастырылғаны үшін төленеді;

– жалған ақпарат пен оны терістеген ақпараттың тілі – қазақша немесе орысша;

Орналастыруға қойылатын талаптар:

– Материалдар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде немесе Telegram мессенджеріндегі ірі аккаунттарда, пабликтерде, топтарда орналастырылуға тиіс.

– Жоғарыда аталған әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны Facebook – кемінде 14 000; Instagram – кемінде 70 000; Telegram – кемінде 4 000 жазылушы болуға тиіс.

 

134