«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес «Qazcontent» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) комплаенс-қызметі құрылды, оның негізгі міндеті – Қоғам қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету.
Комплаенс-қызмет өз өкілеттігін атқарушы органға, Қоғамның лауазымды адамдарына тәуелсіз жүзеге асырады және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді.
Сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 29 қарашадағы шешімімен Қоғамның Комплаенс-қызметі туралы ереже бекітілді. Осы Ережеге сәйкес Комплаенс-қызмет сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы бастамашылықпен ақпарат беру саласында тергеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты.
Осыған байланысты жоғарыда айтылғандарды іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, ішкі реттеуші талаптарды, сонымен қатар Қоғамның лауазымды адамдары мен қызметкерлері тарапынан өзге де құқыққа қарсы іс-қимылдарды бұзу фактілері бойынша ақпаратты compliance@qcontent.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болатынын хабарлаймыз.