Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі

«Qazcontent» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі аудит қызметі  2020 жылғы наурызда Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды (2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 хаттама).

Ішкі аудит қызметі – Қоғамға ішкі аудитті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Қоғамның органы. Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және өз жұмысы туралы есеп береді.

Қызметтің миссиясы Директорлар кеңесі мен Басқармаға Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін өз міндеттерін орындауда қажетті көмек көрсету болып табылады.

Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты – Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелі тәсіл енгізу арқылы Қоғамды тиімді басқаруын қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат беру.

Ішкі аудит қызметі өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Қоғам органдарының шешімдерін, Ішкі аудит қызметі туралы ережені, ішкі аудитті ұйымдастыру және өткізу ережесін басшылыққа алады. Ішкі аудит қызметінің қызметі ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc.) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарының және Этика кодексінің базалық қағидаттарына негізделеді.

Ішкі аудит қызметі өз қызметін Қоғамның Директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде бекітетін аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асырады.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17.

Тел.: +7 (7172) 57 13 02