Правление
Ерболат Тілекқабылұлы Каменов
Басқарма төрағасының орынбасары
Ерболат Тілекқабылұлы Каменов Атырау облысы Құрманғазы ауданында 1985 жылғы 14 қыркүйекте дүниеге келген.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2008 жылғы түлегі. Мамандығы – «журналистика».
Еңбек жолын университетте оқи жүріп, 2004 жылы «Алтын Орда» республикалық газетінің тілшісі қызметінен бастаған, 2007 жылы осы редакцияның жауапты хатшысы қызметіне ауыстырылды.
2008 – 2011 жылдар аралығында «Астана ақшамы» газетінің корректоры, тілшісі, шолушысы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы.
2012 – 2015 жылдары «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС директоры-бас редакторы.
2015 жылғы наурыз-қараша айлары аралығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жетекші сарапшы қызметін атқарды.
2015 жылғы қараша айынан 2017 жылғы мамыр айы аралығында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры.
2017 жылғы шілдеден 2022 жылғы шілде аралығында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2023 жылы «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілде аралығында «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары.
2024 жылғы 3 қазаннан бастап «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Лауазымы бойынша жетекшілік ететін салалары:
– Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету басқармасы;
– Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы;
– Бухгалтерлік және салықтық есепке алу басқармасы.