Қоғамдағы корпоративтік басқару туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында Қоғамның құрылтайшысы болып табылады. «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысының және тиісті қабылдау-беру актісінің негізінде Қоғам акцияларының республикалық меншіктегі мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қоғамның Жалғыз акционері болып табылатын, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіреді.
Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне билік ету құқығы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тиесілі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Директорлар кеңесі жалғыз акционерге есеп беретін, ұйымға стратегиялық басшылықты және басқарма қызметіне бақылауды қамтамасыз ететін Қоғамның басқару органы болып табылады.
Директорлар кеңесі өз функцияларын «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға, Қоғам Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, Директорлар кеңесі туралы ережеге және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің жанынан құзыретіне аудит, стратегиялық жоспарлау, тәуекелдерді басқару, кадрлар мен сыйақылар жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелерді қарау кіретін комитеттер құрылды.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің құрамы:
- Камбар Татибаевич Омаров – Комитет төрағасы
- Салтанат Кенжекуловна Айдарбекова – Комитет мүшесі
- Нурлан Серикович Есембаев – Комитет мүшесі
Аудит жөніндегі комитеттің құрамы:
- Салтанат Кенжекуловна Айдарбекова –Комитет төрағасы
- Нурлан Серикович Есембаев – Комитет мүшесі
- Камбар Татибаевич Омаров – Комитет мүшесі
Кадрлар және сыйақы жөніндегі комитеттің құрамы:
- Есембаев Нурлан Серикович – Комитет төрағасы
- Камбар Татибаевич Омаров – Комитет мүшесі
- Салтанат Кенжекуловна Айдарбекова – Комитет мүшесі