Бос жұмыс орындары

Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
+7 (7172) 64-95-53, info@qcontent.kz

Талаптар SMM менеджері лауазымына келесі талаптарға жауап беретін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (журналистика, экономика, құқықтану, ақпараттық жүйелер, мәдениет және өнер, өнер және гуманитарлық ғылымдар, техникалық мамандықтар) мамандығы бойынша тұлға тағайындалады. Міндеттері қоғамның Дирекциясы, редакциясы және порталдарының әлеуметтік желілеріне контентті орналастыру; әлеуметтік желілерге арналған контентті шығару; контентті әлеуметтік желілердің ережелеріне сәйкес келтіру; әлеуметтік желілер бойынша есепті толтыру; материалдарды жариялау алдында бас редакторлармен және/немесе Дирекциямен келісу. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Комплаенс-офицер лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл немесе комплаенс, тәуекел-менеджмент, аудит, ішкі бақылау, құқтық қолдау салаларында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және тәуекелдер бойынша арнайы даярлығы мен сертификатының болғаны құпталады. Міндеттері 1) Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ішкі бақылау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету; 2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, тәуекелдерді басқару және корпоративтік әдеп бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу, енгізу және өзектендіру; 3) Сыбайлас жемқорлық және өзге де тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторинг жүргізу, оларды барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеу; 4) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды үйлестіру және жүргізу; 5) Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, корпоративтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау және мүдделер қақтығысының алдын алу; 6) Комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша оқыту, сонымен қатар түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; 7) Ықтимал бұзушылықтар фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізу және өтініштерді (шағымдарды) қарау; 8) Комплаенс және тәуекелдер саласындағы заңнамадағы өзгерістер мен тәжірибеге мониторинг жүргізу; 9) Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру және жүргізу, оның ішінде тәуекелдер картасы мен тізілімін дайындау; 10) Тәуекелдерді азайту және ішкі процестердің тиімділігін арттыру бойынша басшылыққа ұсынымдар дайындау; 11) Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар SEO маманы лауазымға маркетинг, менеджмент, IT, жарнама, бизнес-аналитика, жобаларды басқару саласындағы бағыттар (мамандықтар) бойынша жоғары білімі бар тұлға тағайындалады. SEO бағыты бойынша жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес. Дағдылар: Іздеу роботтарының жұмыс істеу принциптерін, ранжирлеу алгоритмдерін, ішкі/сыртқы оңтайландыру әдістерін түсіну, талдау құралдарын (Google analytics, Яндекс метрика) меңгеру;UX/UI негіздері және юзабилитидің іздеу жүйелерінде ілгерілетуге әсері;SEO мен digital-маркетингтің заманауи трендтері. Міндеттері Іздеу жүйелерінен мақсатты аудиторияны тарту; Жүктелуді жылдамдату, URL құрылымын баптау және индекстеу қателіктерін жою; Кілт сөздер бойынша іздеу нәтижелерінде жоғары позицияларды қамтамасыз ету; Интернет-ресурстарды іздеу жүйелеріне (Яндекс, Google) оңтайландыру; Трафик пен мақсаттарды қадағалау үшін Яндекс, Google құралдарымен жұмыс істеу; Қоғамның интернет-ресурстарының техникалық бөлігіндегі қателіктерді іздеу және бәсекелестерді зерттеу; Пайдаланушылар Қоғамның интернет-ресурстарын табатын кілт сөздерді жинау; Бөлімшенің қызметіне қатысты процестерді автоматтандыруға қатысу. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Сценарист-редактор лауазымына журналистика, режиссура, драматургия, филология бағыттары (мамандықтары) бойынша жоғары білімі бар адам тағайындалады. Дағдылары: Логлайндар, синопсистер, поэпизодтық жоспарлар және толық сценарийлер әзірлеу, сондай-ақ диалогтарды редакциялау мен стильді жетілдіру; идеялар ұсыну, үлкен көлемдегі ақпарат пен трендтерді талдау, шығармашылық ойлау қабілетін жүзеге асыру. Міндеттері Контент-менеджерлерге жоспарланған контент/ақпараттық материал тақырыбы бойынша ұсыныстар әзірлеу, спикерлерді айқындауға және оларға сұрақтар дайындауға көмектесу; Контентке, деректі фильмдерге, арнайы репортаждарға, инфографикаларға, оның ішінде Қоғам өндіретін материалдарға арналған сценарийлерді әзірлеу және редакциялау; деректі фильмдерді түсіру барысында түсірілім алаңында сценарийдің жүзеге асырылуын сүйемелдеу; дайын материал жарыққа шыққанға дейін деректі фильмдерді монтаждау процесіне қатысу. Түйіндемені info@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар SMM менеджері лауазымына келесі талаптарға жауап беретін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және SMM бағыты бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. Міндеттері қоғамның Дирекциясы, редакциясы және порталдарының әлеуметтік желілеріне контентті орналастыру; әлеуметтік желілерге арналған контентті шығару; контентті әлеуметтік желілердің ережелеріне сәйкес келтіру; әлеуметтік желілер бойынша есепті толтыру; материалдарды жариялау алдында бас редакторлармен және/немесе Дирекциямен келісу. Түйіндемені бос жұмыс орнының атауын көрсете отырып, hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.

Талаптар Жарнама жөніндегі маманы лауазымына маркетинг, менеджмент, сату, медиакоммуникация, экономика, бизнес саласындағы бағыттар (мамандықтар) бойынша жоғары білімі және осы бағыттар (мамандықтар) бойынша кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. Міндеттері Коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін клиенттерді іздеу және тарту; мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орналастыру бойынша сатып алуларға қатысу; коммерциялық шарттар жасасу және олардың Коғамның редакциялары мен порталдарымен орындалуын бақылау; медиа нарығын шолу және Коғамның брендін әрі өнімдерін ілгерілету; ақпараттық серіктестермен жұмыс істеу, меморандумдар жасасу үшін серіктестерді тарту; Коғамның арнайы жобаларын әзірлеу және ілгерілету; атқарылған жұмыс туралы есептерді құрастыру. Бос жұмыс орны уақытша. Түйіндемені hr@qcontent.kz корпоративтік поштасына жіберу қажет. Шарттар Бес күндік жұмыс аптасы. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жалақы мөлшері белгіленеді.