«Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамы 2022 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық өтінімдерді қабылдайды.
Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы,Қабанбай батыр 17. «Сapital City» бизнес орталығы, «Қазақпарат»» АҚ кеңсесі, Телефон: +7 (7172) 95-40-50 E-mail: info@inform.kz, info@qcontent.kz
Өтінім қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 6 маусымға дейін
Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
- құқықтық қабілеттілігінің болуы;
- республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
- банкроттық немесе тарату рәсімі өткізілмеген болуы;
- жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;
- ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);
- міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;
- қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;
- кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы;
- барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуға тиіс.
Қызмет атауы | Тілі | Негізгі талаптар | Хронометраж (кемінде _мин) | Жалпы шығарылым саны |
«Ұлттық жобалар реформаларды жүзеге асыру тетігі ретінде» жобасы | Қаз\орыс | Бейнебағдарлама жасау.
Талаптар: –формат: өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тақырыптарды реформаларды жүзеге асыру контекстінде талдауға арналған бейнебағдарлама. – әрбір бейнебағдарламада ұлттық жобалар тақырыбын көрсету; – бір бейнебағдарламада кемінде 2 сарапшының пікірі болуға тиіс; -әрбір бейнебағдарламада инфографика және талдамалы құрамы болуға тиіс; – сапалы дыбыс; -субтитрлардың болуы (қазақ не орыс тіліне аудармасы); – хронометраж – кемінде 20 минут; – тілі: қазақша не орысша; Бейнебағдарламаны Youtube бейнехостингінде орналастыру: Youtube бейнехостингінде бейнебағдарламаны орналастыру: Талаптар: – Youtube бейнехостингінің мамандандырылған аккаунтына орналастыру; – кемінде 5 000 жазылушы; – есепті кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір бейнебағдарламаны кемінде 10 000 рет қаралым жинауға тиіс; Ілгерілетуге қойылатын талаптар: – кемінде екі түрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір бағдарламаны орналастыру (Facebook, Instagram, Telegram-да); -бағдарламаларды жазушылар саны мынадан кем емес топтарда/пабликтерде, аккаунттарда орналастыру: – Instagram – кемінде 80 000 жазылушы; – Facebook – кемінде 14 000 жазылушы; – Telegram – кемінде 4000 жазылушы. – әрбір бейнебағдарлама әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалпы алғанда кемінде 150 000 рет қаралым жинауға тиіс. |
20 | 14 |
Видеоподкаст жасау
|
Тақырыптық бағыттары: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ең өзекті мәселелер.
Спикерлер: мемлекеттік ведомстволардың, квазимемлеккеттік сектордағы компаниялардың, салалық бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, беделді тұлғалар т.б. Тілі: орысша, қазақша Түсірілімге қойылатын талаптар: – 2 камералы түсірілім; – сапалы дыбыс; – хронометраж – кемінде 30 мин. Қоғамның порталында немесе әлеуметтік желілерде орналастыру. |
30 | 54 |