Компания туралы

«Qazcontent» акционерлік қоғамы – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа компания.

Компания туралы

«Qazcontent» АҚ – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа компания.

Бүгінгі таңда компания алты ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Бұл жаңалықтар сайттары – baigenews.kz, baq.kz және el.kz, тақырыптық порталдар – adebiportal.kz, e-history.kz және ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты.

Компания ресурстары үш тілде қол жетімді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Барлық порталдардың жалпы аудиториясы бір айда 2 миллионнан астам оқырманға жетеді.

Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қоғамның Жарғысын басшылыққа алады. Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін іске асырады:
  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қолдау аясында ақпараттық-публицистикалық жұмыстарды, соның ішінде елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпаратты интернет желісі арқылы, жылдам тарату жолымен іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықтағы ұнамды халықаралық имиджін қалыптастыру;
  2. инновациялық технологиялар саласында шешім қабылдаудың тиімді әдістері аясында консультациялар беру қызметін көрсету;
  3. Интернет-конференциялар, брифингтер, баспасөз іс-шараларын, бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшыларды тарта отырып басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  4. интернетте жарнамалық орынды ұсыну (сату) қызметін көрсету;
  5. дерекқорларды басқару жүйесін қолдана отырып порталдарды және веб-жобаларды алгоритмдеу;
  6. Интернетте мемлекеттік электронды порталдарды ақпараттық басқару, толтыру және қолдау;
  7. Интернетте ақпарат өңдеудің инновациялық құралдарын қолдану арқылы деректерді өңдеу және орналастыру қызметін көрсету.

«Qazcontent» АҚ қысқаша тарихы

«Qazcontent» Акционерлік қоғамы – интернет кеңістікте қазақстандық мазмұнды дамыту мақсатында қызмет ететін ұйым. Негізгі қызметі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру. Қазіргі таңда ақпараттық және интернет жобаларды іске асыруда. Компания ресурстары 3 тілде қолжетімді.

«Qazcontent» АҚ – 2009 жылдың 21 қаңтарында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің еншілес кәсіпорны болып құрылды. Аталмыш қоғамның құрылуы мемлекеттің Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті қалыптастыру мен дамыту бойынша стратегиялық міндетін жүзеге асырумен байланысты. Жаңа технологиялар мен инновациялардың көмегімен қолданушыларға сапалы контент ұсынып, қазнеттің дамуына мүмкіндіктер туғызу.

2009 жылдың ақпан айында алғашқы жоба – kaztube.kz іске қосылды. Ал наурыз айында bnews.kz ақпараттық агенттігі құрылды. 2019 жылы ол BaigeNews.kz атымен жұмысын жалғастырды. Ол тәулік бойы онлайн режимінде қазақстандық және әлемдік саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени оқиғалар туралы мәтіндік, фото, бейне және графикалық ақпаратты ұсынады.

2010 жыл қараша айында baq.kz ақпараттық агенттігі жұмысын бастады. Интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту, оқырманды дер кезінде соңғы жаңалықтардан ақпараттандыру, интернет желісінде қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.

«El.kz» ақпарат агенттігі – Қазақстандағы маңызды жаңалықтарды 24/7 режимінде шұғыл тарататын ақпараттық портал.

Портал қазақстандықтардың өміріндегі экономика мен саясаттан бастап, мәдениет, спорт, қоғам мен ғылым сынды алуан түрлі салаларды қамтиды. «El.kz» АА — жаңалықтар мен шолулар ғана емес, видеожобаларды да дайындайды. Олардың арасында портреттік және аналитикалық сұхбаттар, подкасттар, шолулар, әлеуметтік желілерге арналған «вирустық» қызықты роликтер де бар. Портал ерекше назарды материалды ұсынған кезде мәтінге ғана емес, фото, видео, инфографика мен анимацияны қосатын конвергентті журналистикаға аударады.

Интернет-ресурс 2012 жылы 1 қарашада ақпараттық-танымдық интернет-жобасы ретінде құрылды, арада 10 жыл өткен соң El.kz ақпараттық агенттік мәртебесін иеленді. Өзге ақпараттық ресурстармен қатар, El.kz өзінің бірегей аудиториясын жинады. Былтыр порталды 2 млн-нан астам қолданушы оқыған.

2011 наурыз айында «Qazcontent» негізінде ҚР Премьер-министрінің ресми сайты ашылды.

2013 жылдың қаңтар айында strategy2050.kz арнайы веб-порталы іске қосылды. Сол жылы «Qazcontent» америкалық McAfee компаниясымен меморандумға қол қойды.

«Қазақстан тарихы» интернет-жобасы – бұл «Qazcontent» АҚ-ның заманауи, цифрлы, гуманитарлық интернет-өнімі. Портал 2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен e-history.kz. домендік атауымен «Қазақстан тарихы» веб-порталы құрылды.