26.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

“BaigeNews.kz” ақпараттық агенттігі үшін мультимедиялық контент өндіру және сатып алу жөніндегі қызметтер

Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ, телефон: +7 7172 95-40-50, E-mail: info@qcontent.kz

Шарт жобасы.

Қызметтер саны: 20 шығарылым, жалпы хронометраж – 360 минут.

Жарияланған әр видеороликтің қаралым саны 10 000 кем болмауы тиіс

Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушімен келісім бойынша

Қызмет көрсету мерзімі: Келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 2025 жылдың қараша айына дейін

Өнім берушілерге қойылатын  негізгі талаптар:

– құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы, кемінде екі жылдан кем емес тәжірибесін растауы керек (көрсетілген қызметтер шарттары мен актілерінің көшірмелері);

– өнім берушінің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызмет құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– нарықта кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын құжаттардың (шарттардың, актілердің) болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолдың қойылуы, күндер, мөртабандар мен мөрлер болуы тиіс, сондай-ақ тазартулары, түзетулері, қателері болмауы тиіс және дәйектілігіне күмән тудырмауы. Барлық құжаттар ұсынылған күні жарамды болуы тиіс.

Бағалық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар: Баға ұсынысы тіркеу күні мен нөмірін, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, қызмет көрсету үшін ұсынылатын соманы қамтуға тиіс

 

Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік тілде ұсынылады.

Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері: ең төменгі баға көрсетілген өтінім.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Өтінімдер 2025 жылғы 25 ақпан 18:00-ге дейін «Qazcontent» АҚ электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінімдерді қарау мерзімі: 2025 жылғы 26 ақпан, 18:00-ге дейін.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС-сыз 9 642 855,6  теңгеден аспайды.

«Qazcontent» АҚ өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды

2025 жылдың 5 ақпанында KAZENERGY қауымдастығы мен «QAZCONTENT» АҚ медиа компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құжатқа қауымдастықтың бас директоры Жандос Нұрмағанбетов пен «QAZCONTENT» АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек қол қойды.

Келісім экологиялық және энергетикалық секторларды көрсетуге бағытталған бірлескен жобаларды қарастырады. Негізгі мақсаттар – ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, жұртшылықпен өзара байланыс орнату, аудиторияны кеңейту және салалық журналистиканың біліктілік деңгейін көтеру.

2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Жұмысшы мамандықтары жылы» қоғамда еңбексүйгіштік пен кәсібилік идеясын ілгерілетеді. KAZENERGY мен QAZCONTENT арасындағы ынтымақтастық мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды қолдауға бағытталған.

Жетекші мемлекеттік медиахолдингпен ынтымақтастығымыз энергетика саласындағы, экологиялық жағдайды, оның ішінде мұнай-газ және атом өнеркәсібіндегі өзекті мәселелерді көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін, – деді Жандос Нұрмағанбетов.

Айна Задабек өз кезегінде:

Осы меморандумға қол қойылуы БАҚ пен энергетика секторы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады, бұл маңызды ақпаратты тиімді жеткізуге мүмкіндік береді және БАҚ қызметкерлерінің оқыту шаралары мен өндіріс орындарын аралауы арқылы салалық журналистиканың дамуына ықпал етеді, – деді басқарма басшысы.

KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды. Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 70 компанияны біріктірді. KAZENERGY қызметінің мақсаты әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу болып саналады.

Qazcontent» акционерлік қоғамы — мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания 7 ақпараттық ресурсты біріктіреді: жаңалықтар сайттары — baigenews.kz, baq.kz, el.kz, тақырыптық порталдар — adebiportal.kz, e-history.kz, ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты. Компания ресурстары 3 тілде қолжетімді.

05.02.2025 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша қорытындылар