19.09.2024 ж. әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бойынша алдын ала қорытындылар

«Qazcontent» акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырманы орындауға ілеспе қызметтер бойынша шарттар жасасу мақсатында әлеуетті жеткізушілерден өтінімдер қабылдайды.

Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері: «Qazcontent» АҚ, Астана қ., Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17.

Қызметтің техникалық сипаттамасы.

Қызмет көрсету орны: Қашықтан.

Қызмет көрсету мерзімі: 2024 жылғы 1 қазаннан – 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Шарт жобасы.

Әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар:

  • Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
  • Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпау;
  • Материалдық-техникалық және еңбек ресурстарына ие болу (қажет болған жағдайда меншік құқығын растайтын құжаттарды, жалға алу жағдайында жалдау шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру);
  • Құрылтайшылық құжаттарды ұсыну (Жарғының көшірмесі, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама, банктік деректемелер, ҚҚС бойынша тіркелгені туралы куәлік (бар болса));
  • 2 түрлі іздеу жүйесінен аналитика құралдары бойынша сертификатталған PR саласындағы магистр дипломы бар кемінде бір маманның болуы;
  • филология саласында диплом алған, оқу курсынан өткен және халықаралық деңгейдегі CMS өндірушісінен “Контент-менеджер” сертификаты бар кемінде бір маманның болуы;

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажетті қолтаңбалар, күндер, мөрлер мен штамптар болуы, түзетулер мен қателіктерден тазартылуы, сондай-ақ олардың шынайылығына күмән тудырмауы тиіс. Барлық құжаттар оларды ұсыну күнінде жарамды болуы керек.

Бағалық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар: Баға ұсынысында тіркеу күні мен нөмірі, ұйымның қолы мен мөрі және қызмет көрсету үшін ұсынылатын сома болуы керек.

Сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді жасау және ұсыну тілдеріне қойылатын талаптар: Өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Сатып алудың жеңімпазын анықтау критерийлері:

  • Ең төменгі баға көрсетілген өтінім.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Өтінімдер 2024 жылғы 27 қыркүйек, 18:00-ге дейін «Qazcontent» АҚ электрондық мекенжайына қабылданады. Өтінімге жоғарыда аталған талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Өтінімдерді қарау мерзімі: 2024 жылғы 30 қыркүйек, 18:00-ге дейін.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома: ҚҚС-сыз 6 760 000 теңгеден аспайды.

«Qazcontent» АҚ өтінімдер мен құжаттарды ұсынуға арналған электрондық мекенжай: info@qcontent.kz, анықтама үшін телефон: +7 7172 95-40-50.