«Qazcontent» акционерлік қоғамы 2024 жылы интернет желісінде мемлекеттік-ақпарат саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында сыртқы өнім берушілерден мультимедиалық контентке шығармашылық ұсыныс қабылдайды.

Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Qazcontent» АҚ офисі

Телефоны: +7 7172 57-14-08 (ішкі – 1164)

E-mail: info@qcontent.kz

Өтінімді қабылдау күні: 2024 жылғы 5  сәуірге дейін

Қызмет: «Қазақстан тарихы» интернет-жобасына мультимедиялық бағдарлама құру

Қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар:

құқықтық қабілеттілігінің болуы;

– республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

– банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпауы;

– жобаны іске асыру үшін жеткілікті материалды-техникалық және еңбек ресурстарының болуы;

– ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін растайтын құжаттардың болуы (шарттардың, актілердің көшірмелері, ұсынымдар, портфолио, көрнекі мысалдар және т. б.);

– қабылданған міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

– қызметтердің құнын негіздейтін сметаның, калькуляцияның болуы;

– кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

Ұсынылған құжаттарда заңнамада көзделген барлық қажет қолдар қойылуы, күні, мөртабаны мен мөрі көрсетілуі, қандай да болмасын өшірулер, қатені дұрыстаулар, түзетулер жүргізілмеуі, дұрыстығына ешқандай күмән туындамауы керек.

Жоба

Жанр

Концепциясының қысқаша сипаттамасы, форматы Тілі Негізгі талаптар Хроно (кемінде мин) Жалпы шығарылым саны
Қазақстан тарихы
танымдық бағдарлама «Қазақстан тарихы» интернет-жобасы мультимедиалық жоба қабылдайды.

Жоба мазмұнында:

1) Таңдап алынған тақырыптың негізгі идеясы (лейтмотиві) туралы ақпарат беріледі;

2) Тақырыпқа арқау болған объекті (автор, кейіпкер, кітап, оқиға т.б.) туралы сюжет, рецензия немесе оқырман пікірі беріледі;

3) Әр материалдың сапалы бейнеролигі болуы керек;

4) Мемлекеттік ақпарат саясатының материалдарына сәйкестігі;

5) Материалдарды өздері шығаруы керек;

6) Тарихи-танымдық бағыттағы бағдарламалар болуы керек.

қаз – Материалға шапка, титр, 2 не 3D форматтағы графика,  моушн-дизайн элементтерін қосу;

– студиялық түсірілім (циклорама, хромокей);

– 3 камералы түсірілім;

–  материалды дайындау кезінде пайдаланылған ақпараттың дұрыстығы (деректер, сандар, болжамдар);

– тақырыптар мен бағдарлама кейіпкерлерін әзірлеп, Тапсырыс берушімен келісу;

-материалдың бірегей болуы;

– сапалы бейне және дыбыс;

– материалды визуалды өңдеу (түс коррекциясы);

–   әлеуметтік желіде, бейнехостинге орналастырып, одан әрі насихаттау үшін  шағын промо-ролик, превью, мұқаба және сипаттама дайындау;

 

 

       24,5 мин  

588 мин